Page 1 - Аңдатпа
P. 1

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 6D050600 –
         «Экономика» мамандығының докторанты Абдильдинова Найля

   Ермухановнаның «Солтүстік Қазақстандағы аграрлық еңбек рыногының
    қалыптасуы мен дамуы (Ақмола облысы мысалында)» тақырыбындағы

                                 диссертациялық жұмысқа

                                             АҢДАТПА

      Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Аграрлық саладағы еңбек рыногын
дамыту проблемасы болып жатқан әлеуметтік-саяси жаңғырту және
қазақстандық қоғамның экономикалық трансформациясы жағдайында қазіргі
уақытта стратегиялық маңызға ие болып отыр. Бұл нарықтық экономикаға
көшу республикадағы еңбек рыногындағы жағдайды күрт шиеленісуі,
қоғамның әлеуметтік-кәсіби құрылымын, ауыл халқының құндылық кәсіптік
бағдарларын, аграрлық еңбек пен кәсіби қызметтің беделі туралы
түсініктерді айтарлықтай өзгерткеніне байланысты.

      Нарықтық қатынастардың даму жағдайында агроөнеркәсіптік кешенде
жұмыспен қамту және ауыл халқының табысы мәселесі күрт шиеленісіп
кетті. Басқа салаларда жаңа жұмыс орындарының болмауына байланысты
ауыл халқының едәуір бөлігі жұмысқа орналаспаған. Ауыл
шаруашылығында жұмыспен қамтуды реттеудің тиімді жүйесінің болмауы
ауыл демографиясына, еңбек жағдайлары мен ауыл қызметкерлерінің
әлеуметтік жағдайына теріс әсер етеді, агроөнеркәсіптік кешенді білікті
кадрлармен қамтамасыз етуде қиындықтар туғызады.

      Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған
«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің
негізі» атты Жолдауында еліміздегі еңбек ресурстарының балансын есепке
алудың тиімді әдістемесін әзірлеуді, сондай-ақ еңбек ресурстарының
тапшылығы бар өңірлерде Үкіметке көші-қон үдерісін басқару үшін пәрменді
шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Атап айтқанда, аграрлық
сектордың экономикалық өсуінің маңызды резервтерінің қатарына өндірістік
және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, еңбек рыногын тұрақтандыру,
процестерді цифрлық трансформациялау, жұмыспен қамту орталықтарының
жұмысын жетілдіру, жұмыссыздық ауқымын азайту, қызметкерлердің табыс
деңгейін арттыру және олардың кедейлігін азайту, ауылдық жерлердегі
демографиялық процестердің теріс салдарын еңсеру, басқа да ауқымды іс-
шаралар жатады.

      Аталған проблемалардың өзектілігі сонымен қатар қазіргі уақытта ауыл
еңбек рыногында халықтың жұмыспен қамтылуын реттеудің әдістемелік
тәсілдерін зерделеуге байланысты мәселелердің жеткілікті түрде
әзірленбеуіне байланысты болып отыр. Ауылда жұмыспен қамту жүйесін
қалыптастыру мен трансформациялаудың, аграрлық еңбек нарығының
конъюнктурасына ықпал етудің нақты тәсілдері жеткіліксіз. Пандемияның
салдарын еңсеру жағдайында экономиканың аграрлық секторындағы

                                                               1
   1   2   3   4   5