Page 1 - annotaciya-kaz
P. 1
«8D04113 – «Мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасы бойынша бейіні
бойынша доктор дәрежесін ізденуге ұсынылған Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының докторанты
Асхат Султанбекович Кожумовтың В«РЫДҰ әдіснамасы негізінде Қазақстан
Республикасының стратегиялық жоспарлау жүйесін жетілдіру» тақырыбындағы
докторлық диссертациясына
АҢДАТПА
Диссертациялық жұмыстың өзектілігі. Ұзақ мерзімді болашаққа Қазақстанның
2050 жылға қарай дамыған елдер қатарына кіруі бойынша стратегиялық міндет
айқындалған, ол өз кезегінде жалпы мемлекеттік басқаруды, атап айтқанда, 2009 жылы
құрылған мемлекеттік жоспарлау жүйесін (МЖЖ) ауқымды түрде жаңғыртуды талап
етеді. МЖЖ үшжылдық бюджеттеу және жоспарлау (стратегиялық, бюджеттік),
бюджеттеу, қол жеткізілетін нәтижелерді, бюджеттік және жекелеген мемлекеттік
органдар деңгейінде басқару процесінің тиімділігі мен ашықтығын бақылау және
бағалаудан тұратын реформалар шеңберінде құрылды.
Жоғарыда аталған бағыттар бойынша жаңа тәсілдерді, сондай-ақ уақыт
талаптарына сәйкес туындаған жаңа міндеттерді әзірлеу барысында, 2013 жылы МЖЖ
негізінде Жетілдіру тұжырымдамасы құрылды. Ол:
– МЖЖ-ін оңтайландыруға әрі сапалы түрде нормативтік құқықтық қамтамасыз
етілуін жақсартуға;
– жоспарлаудың үш бағытының (стратегиялық деңгейде, сондай-ақ экономикалық
және бюджеттік деңгейде) өзара байланысын және үйлестіруін арттыруға;
- бір жағынан, мемлекеттік органдардың қызметі, екінші жағынан, стратегиялық
және бағдарламалық құжаттарды іске асыру сияқты бағыттардың тиімділігіне неғұрлым
кешенді және нақты баға беруге;
-МЖЖ-нің кадрлық әлеуетін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған.
Мемлекет жүргізіп отырған МЖЖ даму желісінің қисынды жалғасы - Мемлекет
басшысы Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен құрылған Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі (СРЖА) болып табылады. Аталған агенттік Ұлттық экономика
министрлігінің (Т°РРњ) стратегиялық жоспарлау (бұдан У™СЂС– – РЎР–) мен РњР–Р– жетілдіру
бағытындағы құқықтық мирасқоры болып табылады.
Қазіргі уақытта, «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Мемлекет
басшысы Қ.К.Токаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған Тапсырмасы
шеңберінде, Үкімет ҚРСтратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесе
отырып Жаңа экономикалық саясат тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыстар
жүргізуде, оның мақсаты - орташа және ұзақ мерзімге ҚР-да тұрақты дамуға қол жеткізу.
Бүгінгі таңда Қазақстанда МЖЖ-нің қалыптасуы мен дамуы орын алған
айтарлықтай елеулі кезеңді атап өтуге болады. Ол тек экономиканы қалпына келтіруді
қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен қатар жергілікті және аймақтық ауқымда,
республикалық деңгейде де түрлі ресурстарды (қаржылық, өндірістік, еңбек) үйлестіре
пайдалануға бағытталған.РЫДҰ зерттеулеріне (2014-2018 Р¶Р¶.) сәйкес, Қазақстанның
дамыған жоспарлау және бағалау жүйесінің мықты тұсы - мемлекет жұмысындағы
жүйелілікті қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді фокус пен иерархия болып табылады.