Page 1 - Аннотация Куандыков каз
P. 1
«6D051000 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы
бойынша бейіні бойынша доктор дәрежесін ізденуге ұсынылған
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік
басқару академиясының докторанты Куандыков Нуржан Кадыровичтің
«Қазақстан Республикасында азаматтардың табыстары мен
шығыстарын жалпыға бірдей декларациялауды енгізу»
тақырыбындағы диссертациялық жұмысына
АНДАТПА
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі қоғамның даму деңгейінің
маңызды көрсеткіштерінің арасында азаматтардың құқықтық мәдениетінің
белгілі бір деңгейі және мемлекеттің ұлттық байлықтың әділ бөлінуін
қамтамасыз ету қабілеті әрдайым бар. Нарықтық экономикасы бар елдердегі
кіріс мөлшері бойынша қоғамның саралану дәрежесі халықаралық
бағалаулар бойынша Қазақстан Республикасындағы (ҚР) мәні 2019 жылы
28,80%-ды құраған Джинни коэффициентімен сипатталады. Бұл көрсеткіш
Германияның (29,00%) көрсеткішімен сәйкес келеді, бұл АҚШ-қа (37,80%)
және Ресейге (43,90%) қарағанда әлдеқайда жақсы.
Сонымен қатар, Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейі өте жоғары
(2019: 34 балл, 180 елдің ішінде 113-ші орын), бұл бір жағынан экономикада
көлеңкелі сектордың үлкен үлесінің бар екендігін, ал екінші жағынан –
азаматтардың кірістерін салықтық бақылау тиімділігінің төмендігін және
салық органдары қызметінің тиімділігін куәландырады. Алайда, соңғы
жылдары Қазақстан сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы
күреске бағытталған бірқатар шаралар қабылдады: сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимылдың ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері құрылды;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама толығымен жаңартылды; сыбайлас
жемқорлық деңгейі бойынша ел өз позициясын 2014 жылғы 28 балдан 2019
жылы 34 балға дейін жақсартты; бюджет қаражатының жұмсалуына бақылау
күшейтілді.
Аталған шаралар жеткіліксіз болып шықты, ҚРҮкіметінің бағалауы
бойынша ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономиканың үлесі шамамен 30%-ды, ал ХВҚ
бағалауы бойынша-32,82%-ды құрайды, экономикалық дамыған елдерде бұл
көрсеткіш 10%-дан аспайды. ҚРкөлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл
жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес
көлеңкелі сектордың үлесі 2020 жылы - 20%-ға, ал 2021 жылы 15%-ға дейін
қысқартылуы тиіс.
Сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендетудің
көптеген шаралары мен құралдары ұсынылады: есептеулерде қолма-қол
ақшасыз ақша үлесін арттыру, бизнестің ашықтығын арттыру, мемлекеттік
басқару жүйесін цифрландыру, салық және кеден саясатын жетілдіру. Бірақ
бұл құралдардың барлығы негізінен бизнес үшін қолданылады, ұйымдастыру
мен әкімшіліктендіруге көп уақыт пен шығындарды қажет етеді.