Page 49 - Диссертация
P. 49

Жұртшылықты  мемлекеттік  басқару                             органдарының

нормашығармашылық қызметіне қатыстыруды көздейтін жоғарыда талдау

жасалған Заң нормаларынан өзге де бірқатар заңға тәуелді актілер бар.

Мәселен, ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысымен

бекітілген ҚР уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру

қағидаларының (бұдан әрі - Заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру

қағидалары) 2-тармағының 2) және 13) тармақшаларына сәйкес заң жобасы

тұжырымдамасын және заң жобасын жария талқылау үшін Порталдан басқа,

әзірлеуші органның интернет-ресурсында орналастыру көзделген [118].

Дегенмен, интернет-ресурста орын алған жария талдау аясында түскен

ұсыныстар мен ескертулер не болмаса басқа да пікірлер нәтижесі бойынша

кері байланыс қалай жасалатындығы туралы нақты көзделген нормалар мен

осы интернет-ресурста орын алатын жария талқылауды реттейтін НҚА жоқ

екендігін атап өткен жөн. Өз кезегінде, Заң жобалау жұмыстарын

ұйымдастыру қағидаларының 21-тармағының 15) тармақшасында заң

жобаларын мүдделі мемлекеттік органдармен келісу үшін енгізгенде уәкілетті

органдар заң жобасы бойынша БАҚ, соның ішінде интернет желісі арқылы

талқылау және пысықтауда жұртшылықтың пікірін ескеру нәтижелері

бойынша анықтаманы қоса береді [118]. Аталған нормада, заң жобаларының

тұжырымдамалары бойынша талап қойылмағандығын да атап өтеміз.

Заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру қағидаларының

2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес заң жобасының тұжырымдамасы Заң

жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі -

Комиссия) отырысында қаралуы тиіс [118]. Өз кезегінде, Комиссияның

құрамына бір қоғамдық кеңес, қоғамдық қорлар, бірлестіктер, акционерлік

қоғамдардың және өзге де мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері кіреді [119].

Осыған байланысты, заң жобаларын осы Комиссияның қарауына жолдау

нормашығармашылық қызметке жұртшылықты тартудың жанама түрге

жататын нысандарының бірі деп қарастырамыз. Демек, нормашығармашылық

қызметке жұртшылықтың атынан осы Комиссияға мүше болып кірген

мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысады. Мәселен, ҚР Премьер-

Министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 11-ө өкімімен бекітілген

Комиссияның құрамына мемлекеттік органдардан басқа мемлекеттік емес

ұйымдар, бірлестіктер, қорлар және т.б. өкілдік етеді [119].

Заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру қағидаларының 17-тармағымен

заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының құрамына «ҚР Заңнама

және құқықтық ақпарат институтының» қызметкерлері, құқық саласы

бойынша ғылыми-зерттеу, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық

бірлестіктердің өкілдері және ғалымдар енгізілу мүмкіндігі көзделген [119].

Бұл норманың Заңның 18-бабында көзделген нормадан айырмашылығы – тек

жұмыс тобының құрамы деп нақты көрсетілуінде.

Сонымен бірге ескеретін жағдай, кәсіпкерлердің мүдделерін қозғайтын

заң жобаларын әзірлеу кезінде жұмыс тобының құрамына ҰКП-ның және

жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің өкілдерінің

             49
   44   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54