Page 62 - Диссертация
P. 62
1. НҚА жобаларын дайындау жоспарларын жасау барысында мүдделі
тұлғалардың құқықтық мониторинг қорытындылары бойынша дайындалған
ұсыныстарын ескеру (АШМ, БҒМ, ДСМ, МҚІА).
2. Азаматтар мен ұйымдар заң жобаларынан басқа өзге де НҚА әзірлеу
жөнінде ұсыныстар енгізуі немесе НҚА жобаларын әзірлеп, тиісті мемлекеттік
басқару органдарының қарауына беруі (ДСМ, МҚІА).
3. НҚА жобасын шарттық негізде мамандардың, ғылыми мекемелер,
жекелеген ғалымдар және ұжымдардың, ҰКП, ЖКСБ, шетелдiктер, тиісті
салалардағы сарапшылардың әзірлеуі(УРњ, ДСМ).
4. Білім саласы мамандары, ғылыми ұйымдар мен қызметкерлер,
қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін НҚА жобаларын дайындауға тарту (АҚДМ,
РђРЁРњ, УРњ, ЕХУТљРњ, РњРЎРњ, РЎРРњ).
5. РќТљРђ жобаларына ғылыми сараптама Р¶ТЇСЂРіiР·Сѓ (ІІМ, АҚДМ, УРњ, ДСМ,
ЕХУТљРњ, РњРЎРњ, РЎРРњ, МҚІА).
6. Заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының құрамына ғылыми-
зерттеу ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер,
ғалымдар Р¶У™РЅРµ С‚.Р±. қатысуы (АҚДМ, РђРЁРњ, УРњ, ДСМ, ЕХУТљРњ, РњРЎРњ, РЎРРњ).
7. Заң жобалары бойынша жария тыңдаулардың өткізілуі (АҚДМ, АШМ,
ДСМ, ЕХУТљРњ, ТљРњ,РЎРРњ).
Өз кезегінде, қолданыстағы заңнамамен қарастырылған Мәжіліске
енгізілетін заңнамалық актілер жобаларының әзірлеушілері бола алу (Заңның
17-бабының 1-тармағы) және Мәжіліске енгізілетін заң жобаларын әзірлеу
туралы ұсыныстарды Президенттің қарауына енгізу (Заңның
17-бабының 2-тармағы) сияқты жұртшылықтың қатысуына берілген екі
мүмкіндік іс жүзінде тәжірибеде орын алмағандығы анықталды.
Ал, НҚА жобаларын дайындау жоспарларын жасау барысында мүдделі
тұлғалардың құқықтық мониторинг қорытындылары бойынша дайындалған
ұсыныстарын ескеру (Заңның 15-бабының 4-тармағы) туралы норманың
қолданылу фактілерін ДСМ, АШМ, БҒМ және МҚІА атап өткен. Алайда, осы
мелекеттік органдардың жауабын талдай келе БҒМ НҚА жобаларын дайындау
жоспарларын емес заң жобасын, АШМ мен МҚІАде жоспар емес заң жобасын
жасауға ҰКП өкілдерінің қатысқанын меңзегені анықталды. Демек, АШМ,
БҒМ және МҚІА Заңның 15-бабының 4-тармағын тәжірибеде қолданды деген
тұжырым жасай алмаймыз.
Азаматтар мен ұйымдар заң жобаларынан басқа өзге де НҚА әзірлеу
жөнінде ұсыныстар енгізуін немесе НҚА жобаларын әзірлеп, тиісті
мемлекеттік басқару органдарының қарауына беруін көздейтін норманың
МҚІА қолданылу фактісін тереңірек зерттей келе жұртшылық тарапынан НҚА
әзірлеу туралы емес, әзірленіп, интернет-ресурске жарияланған заң жобасы
бойынша ұсыныстар туралы жазылғаны анықталды. Демек, бұл ретте де
жоғарыда аталған норманың қолданылу фактісі орын алған жоқ.
Сонымен бірге, сұрау хат бойынша келіп түскен жауаптар негізінде ДСМ
нормашығармашылық қызметке жұртшылықты қатыстырудың міндетті емес
нормаларын іс жүзінде қолдануда көшбасшы екендігі байқалды. Бұған қоса
62