Page 1 - Аңдатпа
P. 1
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясының
«6D051000 - Мемлекеттік және жергілікті басқару»
мамандығы бойынша докторанты
Манасбай Айгүл Есболатқызының
«Қазақстан Республикасының теңіз көлік жүйесін мемлекеттік
басқаруды жетілдіру» тақырыбындағы диссертациялық жұмысына
АҢДАТПА
Диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі. Теңіз көлік
жүйесі күрделі болып табылады, бір жағынан теңізде жүзу қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін жоғары мемлекеттік бақылауды және қызметті қатаң
реттеуді, екінші жағынан бәсекелестік орта мен іскерлік белсенділікті дамыту
үшін жағдай жасауды талап етеді. Мемлекеттік басқару мәнмәтінінде теңіз
порттарының инфрақұрылымы қаралады, сондықтан теңіз портының қызметі
ұлттық экономиканы дамытудың стратегиялық мақсаттарына жауап беруі
тиіс.
Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясында
негізгі бағыттардың бірі «жаһандық инфрақұрылымдық интеграция және
транзиттік әлеуетті дамыту» болып табылады және даму басымдықтарының
бірі болып «пайда табу, инвестициялардан қайтарым мен бәсекеге қабілеттігі
қағидаттарындағы түгел қамтитын экономикалық прагматизмге» негізделетін
экономикалық саясаты айқындалды [1].
Қазақстанның порт секторын дамыту әрқашан елеулі мемлекеттік
инвестициялармен байланысты болады, сондықтан инфрақұрылымды тиімді
пайдалану мәселелері жалпыұлттық маңызға ие болғаны анық. Теңіз
саласындағы бюджеттік инвестициялар тиімділігінің қағидаты теңіз
портының жүк айналымының жобалық қуатына қол жеткізу бойынша тікелей
нәтиже көрсеткіші болып табылады. Қазіргі уақытта порттардың өткізу
қабілеті 27 млн.тоннаға бағаланады, алайда порттардың жүктемесі 30%-дан
аспайды [2]. Теңіз көлік жүйесінің шаруашылық жүргізуші субъектілері
құрамының өзгеруіне байланысты теңіз порттарын басқарудың ұйымдық
құрылымын қайта құру және көрсетілетін қызметтерді қайта реттеу жөніндегі
іс-шаралар жүзеге асырылды, бұл іс жүзінде теңіз тасымалдарына арналған
жалдау ақысы мөлшерлемелерінің ұлғаюына алып келді.
Өз кезегінде Стратегия 2025 бәсекелестікті көтермелеу, жеке сектордың
рөлін күшейту және мемлекеттің рөлін қысқарту есебінен сапалы өзгерістерді
болжайтын «экономикалық өсудің жаңа моделі: экспортқа бағдарланған
жоғары өнімді бәсекелі экономика» көзделген [3].
Қазақстанның теңіз көлік жүйесін мемлекеттік басқару рөлінің өзгеруі
теңіз порттарындағы меншік нысанының қайта құрылуымен байланысты,
сонымен қатар жекешелендіру жеке сектордың рөлін күшейтудің негізгі
тәсілдерінің бірі ретінде қарастырылады. Алайда, порт саласындағы
жекешелендірудің барабар бәсекелестіксіз салдары айтарлықтай дау үстінде,
бұл халықаралық тәжірибемен дәлелденіп отыр. Осы орайда мемлекеттік және