Page 1 - Аңдатпа
P. 1

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару

      академиясының «6D051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару»
мамандығының докторанты Мұхаметжан Светлана Оралқызының «Қазақстан

  Республикасында урбанизацияланған аумақтардың инновациялық дамуын
               басқару» тақырыбындағы диссертациялық жұмысына
                                          АҢДАТПА

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Урбанизация − қоғам дамуы мен

әлемдік экономиканың маңызды көрсеткіші болып табылады. Соңғы бірнеше

онжылдықта урбанизация бүкіл ғаламдық жүйенің даму қарқынын

айқындайтын маңызды факторға айналды. Болжам бойынша, 2050 жылға

әлем тұрғындарының үштен екісі қалаларда тұрады және ғаламдық ЖІӨ-нің

шамамен 80%-ы қалаларда өндірілетін болады. Урбанизация мен

инновациялық даму арасындағы тікелей байланыс бар, себебі, негізінен

қалаларда серпінді инновациялық жобалар жасалады, жаңа технологиялар

мен жасампаз индустрия туындайды.

Қалалар мен қалалық агломерацияның инновациялық дамуын

басқарудың өзектілігі – осы салада халықаралық стратегиялық құжаттармен

қатар (БҰҰ Орнықты даму мақсаттары – ОДМ 9 және ОДМ 11 сияқты),

ұлттық деңгейде де (мысалы, Қазақстанның 2025 жылға дейінгі

Стратегиялық даму жоспары) жаппай қабылдануынан көрініс табады.

Урбанизацияның жоғары деңгейі ел экономикасының дамуына оң

ықпал етеді. Сонымен қатар, кешенді урбанизация саясатының болмауы

ресурстардың жергілікті шоғырлануынан сырттай теріс әсердің туындау

қаупін арттырады. Бір жағынан, қалалар өңірлік дамуға мультипликативтік

әсер ететін «өсу нүктесіне» айналады. Екінші жағынан, салыстырмалы түрде

шектеулі кеңістіктерде орасан еңбектік, қаржы және өндірістік ресурстардың

жинақталуы  аймақтың          әлеуметтік-экономикалық  дамуындағы

сәйкессіздіктерді күшейтеді.

Урбанизацияның сапалы аспектілеріне баса назар аудару қажет.

Мемлекет басшысы Қ.-Ж. Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы

қоғамдық диалог − Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»

Жолдауында ел урбанизациясының маңыздылығы атап көрсетілген және осы

процестің басқарылуын қамтамасыз ету міндеті алға қойылған. Урбанизация

мен қалалардың инновациялық дамуын ел өңірлерінің экономикалық

теңгерімін қолдау үшін ғылыми тәсілдерге сүйене отырып, басқару қажет.

Сонымен қатар, қалалардың дамуын басқарудың қазіргі жүйесінде елді

мекендердің осы типінің орнықты және әлеуметтік бағдарланған дамуын

қамтамасыз ету үшін қажетті құралдар мен ынталандыру жоқтың қасы.

Қазақстанның үлгісі еңбек ресурстарының және экономикалық

белсенділіктің тек қана ірі қалаларда шоғырлануын көрсетіп береді, ал шағын

және орташа қалаларда біршама төмендеу байқалады.

Осының бәрі − урбанизацияланған аумақтардың құрылымдық құрамын

бағалаудан бастап олардың инновациялық дамуын басқарудың жаңа

тәсілдерін әзірлеумен аяқталатын, басқарудың пәрменді тетіктері мен

                                   1
   1   2   3   4   5   6