Page 1 - andatpa
P. 1

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару
академиясының докторанты Наурызбек Мадина Дулатқызының
«8D04113 – Мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасы бойынша бейіні
бойынша доктор дәрежесін алу үшін ұсынылған «Мемлекеттік қызметтегі
мүдделер қақтығысы: Қазақстан Республикасында алдын-алу тетіктері»
тақырыбындағы диссертациялық жұмысына

                                                АҢДАТПА

       Тақырыптың өзектілігі. Дүниежүзілік банктің есептеріне сәйкес
әлемдегі параны сомасы жылына $1 трлн. құрайды, Дүниежүзілік экономикалық
форум өз кезегінде ұрланған қаражаттың сомасы жылына $2,6 трлн. көлемінде
екендігін хабарлайды.

       Қазақстанда бұл аяусыз әрі мақсатты түрде күрес жүргізіліп жатқан
проблема. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігінің ақпараты бойынша 2021 жылы жалпы залалдың сомасы 23,8 млрд.
тенгеге жетті, ал сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін 892
адам сотталды.

       Мүдделер қақтығысы ұғымы әдетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы
саясаттың аясында да, жеке мемлекеттік саясат ретінде де талқыланып отырады.
Тиімді мемлекеттік қызмет жүйесінің негізі қоғамдық мүдделер үшін моральдық
жауаптылық екендігін атап өткен жөн. Осылайша, мемлекеттік қызметшілердің
жеке мүдделері қоғамдық мүдделерге бағынысты болуы керек.

       БҰҰ барлық мүше мемлекеттерді мүдделер қақтығысын болдырмайтын
шараларды қабылдауға шақырады. Қазақстанда мүдделер қақтығысы
мемлекеттік билік деңгейінде ресми түрде өзекті мәселе ретінде мойындалған.

       Осылайша, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2
ақпандағы №802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сыбайлас
жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған
тұжырымдамасымен мүдделер қақтығысының алдын алу мен реттеу сыбайлас
жемқорлыққа қарсы саясаттың тенденциясы мен даму перспективасы ретінде
анықталған.

       Қазақстанның практикалық тәжірибесінен мемлекеттік қызметтегі
мүдделер қақтығысы әлі де болса толық зерттелмегендігін айтуға болады.
Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысының алдын алу мен реттеудің
тетіктерін ұсыну үшін талдау материалдары бүгінгі күні жеткіліксіз. Осының
салдарынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде мүдделер
қақтығысын реттеу проблемасы терең талдауды, ғылыми зерттеуді және алдын
алу мен реттеу жолдарын және тиімді даму тетіктерін іздестіруді қажет ете
отырып аса маңызды сипатта. Сонымен қатар, зерттеудің өзектілігі нормативтік
құқықтық база әлі күнге дейін даярланбағандығымен дәлелденеді, ғылыми-
анықтамалық аппарат күмән тудырады.

       Қазіргі уақытта мүдделер қақтығысын реттеудің ағымдағы жағдайын
талдау мен өзекті проблемаларды анықтауға, Қазақстанның құқықтық базасы

                                                            1
   1   2   3   4   5