Page 1 - annotaciya-kaz
P. 1

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік
басқару академиясының докторанты Уразаева Асемгуль
Талапкалиевнаның «6D020200 – Халықаралық қатынастар»
мамандығының бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін ұсынылған
«Қазіргі кезеңде ҚР-ның сыртқы саяси мүдделерін ілгерілетудегі жария
дипломатияның рөлі» тақырыбындағы диссертациялық жұмысына

                                        АННОТАЦИЯ

       Диссертациялық зерттеудің өзектілігі, бір жағынан, жаһандық
қоғамдастықта, әсіресе мемлекетті басқаруды цифрландырудың қазіргі
үдерістерін және халықтың басқарушылық шешімдер қабылдау процесіне
тартыла түскенін ескере отырып, Қазақстан Республикасының оң имиджін
қалыптастырудың және қолдаудың заңды қажеттілігімен, екінші жағынан,
дипломатия өзін тиімді құралдардың бірі ретінде көрсете білуімен
айқындалады.

       Бұл ретте бұқаралық дипломатия шет елдермен халық деңгейінде, оның
ішінде IT, әлеуметтік желілер, БАҚ есебінен байланыстарды жолға қоюға баса
назар аударатын осы саладағы перспективалы бағыттардың бірі ретінде көңіл
аудартып отыр.

       Жария дипломатия аталған саяси режим мен мемлекетке көбінесе теріс
көзқарас тудыратын күштік әдістер мен агрессивті үгіт-насихатты
пайданаланбай шетелдік аудиторияға әсер етудің көптеген мүмкіндіктерін
ашатынын атап өту маңызды.

       Ақпараттық қоғамның белсенді дамуы дәуірінде жария дипломатияны
іске асыру шетелдік аудиторияға мемлекеттің ұстанымын жеткізудің, оны
талқылау және өзара тиімді шешімді айқындау үшін алаңдар
қалыптастырудың маңызды элементі, сондай-ақ халықаралық аренада
отандық сыртқы саяси міндеттерді шешуге арналған тиімді құрал бола
алатынын атап өткен жөн.

       Сондай-ақ, жария дипломатия Қазақстан Республикасының
2020-2030 жылдарға арналған сыртқы саясат тұжырымдамасында белгіленген
және «гуманитарлық» дипломатияны, имидждік жұмысты қолдануды кеңейту
және қазақтың тарихы мен мәдениетін халықаралық ауқымда танымал ету,
сондай-ақ ІТ, үкіметтік емес сектормен және басқалармен өзара іс-қимылды
қоса алғанда, сыртқы саяси салаға озық құралдар мен технологияларды енгізу
сияқты аспектілерді қамтитын міндеттерге жауап беретінін ескеру қажет.

       Жоғарыда айтылғандарға байланысты ішкі және сыртқы аудиториямен
диалог аясында жария дипломатияны және оның құрамдас элементтерін
дамыту маңызды деген қорытынды жасауға болады.

       Қазақстандық жария дипломатияның қалыптасуы мен дамуы
саласындағы ғылыми зерттеулер аса өзекті болып отыр.

       Зерттеу нәтижесінде ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ
мәдениетінің Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы
   1   2   3   4   5   6