Page 1 - Аннотация
P. 1

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің
              6D050600 «Экономика» мамандығының докторанты
                           Жусупов Ержан Алпысбаевичтің

«Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы өндірісінің бәсекеге
      қабілеттілігін арттырудың экономикалық тетіктерін жетілдіру»
                    тақырыбындағы диссертациялық жұмысқа

                                                   АҢДАТПА

       Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Аграрлық экономиканың
жаһандануы, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелігі ауыл
шаруашылық өндірісінің бәсекеге қабілетті өнімдерді азық-түлік нарығына
шығаруды талап етеді. Ауыл шаруашылық кәсіпорындары нарыққа
тауарларды шығарып ғана қоймай, бәсекелестерінен алдыңғы қатарда болып,
жаңа инновациялық технологияларды қолдануы керек.

       Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан - 2050»
Стратегиясында ауыл шаруашылығын, әсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне
өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажеттігін
атап көрсеткен.

       Бұл шараны шешу үшін ауыл шаруашылық кәсіпорыны нарық
талаптарына сай өнімдер мен қызметтерді ұсына отырып сапалық және сандық
сипаттамаларды үнемі арттыруға мәжбүр. Сондықтан бәсекеге қабілетті
үдерісті ұзақ және тұрақты қамтамасыз ету үшін тиімді экономикалық
тетіктерді қолдану қажет.

       Қазіргі жағдайда ауыл шаруашылығы өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін
арттыру мемлекеттік аграрлық саясаттың басты мақсаттарының бірі болып
келеді. Оны орындау үшін Қазақстан Республикасында 2017-2021 жылдарға
арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы іске
асып отыр.

       Бұл жағдайда ауыл шаруашылығы өндірісінің бәсекеге қабілеттілігінің
экономикалық тетіктерін арттыруға бағытталған жұмыс өзекті болып отыр.

       Мәселенің ғылыми әзірлену дәрежесі. Осы диссертациялық жұмыста
ауыл шаруашылығы өндірісінің бәсеке қабілеттілігінің мәселелері зерттелді.
Бұл мәселелердің жекелеген жақтары отандық және шетелдік ғалымдардың
жұмыстарында қарастырылған.

       Диссертациялық жұмыста «бәсекелестік» түсінігі сұрақтарын
қарастырған Смит А., Портер М., Курно А. О., Шумпетер И., Хайек Ф.,
Юданов А, Фатхутдинов Р., Сағадиев Қ.Ә., Сабден О., Долинская М.Г.,
Соловьев И. А. және басқалардың ғылыми еңбектеріне көп көңіл бөлінген.

       Ауыл шаруашылығы өндірісінің бәсеке қабілеттілігін арттыруға
қатысты мәселелерді зерттеумен Есполов Т.И., Ленская Т.И., Юркова Е.А.,
Саубанов К.Р., Анохина М.Е., Фитриани Р., Сумарминингси Е., Лин С.,
Лин Дж. және тағы басқа ғалымдар зерттеумен айналысады.

       Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өндірісінің бәсеке қабілеттілігін
дамыту мәселелерін баяндайтын ғылыми еңбектердің көптігіне қарамастан,
   1   2   3   4