Үш күн ішінде Саммит алаңында 16 форум мен 200-ден астам дөңгелек үстел өткізілетін болады, онда 600-ден аса өкіл баяндама оқиды.
140 елдің, өңірлер мен халықаралық ұйымдардың 4 мыңға жуық өкілі инновациялар мен жаһандық басқаруды жетілдіру, климаттық өзгерістен туындаған сын-тегеуріндермен күрес, жасанды интеллекті қолдану, сондай-ақ технологиялар адамзат болашағын қалай өзгертуі мүмкін сынды бірқатар басқа да мәселелерді талқылады.
Саммитке Қазақстан делегаттарының қатарында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жақыпова қатысуда. Оның сөзінше, Саммит жыл сайын адамзат тап болып жатқан әмбебап міндеттердің шешімін табу үшін инновациялар мен технологияларды пайдалануға бағытталатын үкіметтердің келесі буынына арналған күн тәртібін белгілейді.
Анықтама үшін: WGS – ірі жаһандық платформа. Саммитте жоғары дәрежелі мемлекеттік шенеуніктер, бизнесмендер мен сарапшылар мемлекеттік органның жұмысын жақсарту бойынша тәжірибе алмасып, болашақтың үкіметі туралы көзқарастарымен бөліседі.
Дубайда жетінші Дүниежүзілік үкіметтік саммит (WGS 2019) өтуде
