7–11 қараша аралығында Академияда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) өкілдері Қазақстанның мемлекеттік органдарының парасаттылық деңгейіне шолу жасады.
Аталған шолу 2017 жылғы қаңтарда қабылданған, Жария парасаттылық жөніндегі кеңестің ұсынымдарына қосылуға Қазақстанның дайындығы бойынша міндеттердің бірі болып табылады. ЭЫДҰ сарапшылары 5 күн ішінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, ҚР Бас прокуратурасының, бірқатар орталық мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ Академия өкілдерімен кездесулер өткізді.
Шолу 24 ай бойы жүргізіледі. Оның қорытындысы бойынша ЭЫДҰ мемлекеттік сектордағы әдеп бағыттары, жария парасаттылық жүйесін нығайту, әлеуметтік есептілікті арттыру және т.б. бойынша ұсынымдар әзірлейтін болады. Парасаттылыққа шолу ЭЫДҰ бастамасы болып табылады, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және басқару саласындағы ЭЫДҰ-ның көптеген стандарттары, сондай-ақ өзге де ұйымдар белгілеген кейбір стандарттар тұрғысынан елге шолу жасауды көздейді.
Қазақстанның аталған зерттеуге қатысуы шешімдер қабылдаудың жүйелі әрі жан-жақты қамтылған жүйесін, шенеуніктердің тиісті мәдениеттілік деңгейін қалыптастыруға және мемлекеттік органдардың есептілігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 10 қарашада мүдделер қақтығысының алдын алу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілер мен комплаенс қызметтерінің қызметкерлеріне арналған семинар өтті.