Академияда «Электоралдық оқыту: заманауи тәсілдер, форматтар және технологиялар» тақырыбында 2 күндік оқыту курсы өтті.
Курста сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, сайлау ұйымдастырушыларын және сайлау процесіне өзге де қатысушыларды оқыту саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру, үйлестіру және қамтамасыз ету мәселелері қамтылды.
Шараға тұрақты кәсіби негізде өкілеттіктерді жүзеге асыратын аумақтық сайлау комиссияларының 59 мүшесі қатысты.