Академияда Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Қоғамдық сананы жаңғырту: білім беру, гуманитарлық, әлеуметтік-мәдени негіздері мен жүзеге асыру тетіктері» тақырыбындағы республикалық семинар-тренинг басталды.
Этносаралық және конфессияаралық қатынастар, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметшілер, дін істері, тілдерді дамыту басқармаларының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылықтарының меңгерушілері мен мамандары, барлық деңгейдегі мәслихат өкілдеріүшкүндік семинар-тренингте Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру бойынша оларға нақты бағыт-бағдар беретін арнаулы дәрістер мен тренингтерге қатысып, пікір-сайыс алаңында өзіндік ой-көзқарастарын білдіреді. «Жобалық менеджмент» тренингісінен өту арқылы мемлекеттік бағдарламаларды іске асырумашықтарын жетілдіреді. Тәжірибесі мол лекторлардың көмегімен қоғамдық сананы жаңғырту: конструктивті идеялар мен оларды жергілікті жерлерде жүзеге асыру жолдарын қарастырады.
Семинар жұмысының ашылу барысында сөз алған Академия вице-ректоры Е.Ш.Дүсіпов семинар-тренингтің маңызына тоқтала келе: «Елбасы рухани жаңғыруымыздың басты құндылығы ретінде бәсекеге қабілеттілікті ұсынады. Бүгінгі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелестік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алатынына Ұлт көшбасшысы ерекше назар аударып отырғаны бекер емес. Өйткені әлемдік бәсекеге қабілеттілік ұлтымыздың экономикада ғана емес, рухани әлемде де озық болуын қажет етері сөзсіз», – екендігін атап өтті.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары-Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісіД.Мыңбай: «Бірлікке, бейбітшілікпен келісімге ұмтылу – кез келген қоғамдағыөрлеу мен көркеюдің негізі. Тарихқа көз жүгіртсек, мықты ұлт тегеуріндер мен қауіп-қатерлер туғанда, табысты дамудың белгіленген мақсаттарына қол жеткізу үшін өзінің біріге алу қабілеттілігін көрсетумен ерекшеленеді. Бірлік пен келісімнің арқасында қоғамда әр біріміз уайымсыз өмір сүріп, жұмыс істеп, отбасын құрып, өз болашағымызды жоспарлай аламыз. Қазақстан халқы Ассамблеясы біз үшін бірлік пен келісімнің қазақстандық үлгісінің маңызды буыны болып табылады. Бұл Қазақстанның барлық полиэтникалық қауымының бірлігін көрсететін бірегей институт»,- деді.
Аталған республикалық семинар-тренинг 25 тамызға дейін жалғасын табады.