Мемлекеттік басқару академиясында эмоциялық интеллект пен көшбасшылық бойынша үшкүндік интерактивті семинар аяқталды.
Шетелдік тәжірибені зерделеу үлгісінде қазақстандық мемлекеттік қызметшілер шиеленістерді шешу мен стрестік жағдайлардың алдын алу үшін практикалық құралдарды меңгерді.
Біз шетелдік тәжірибемен танысу үшін эмоциялық интеллект пен көшбасшылық бойынша Сунил Дж.Ситпол (Sunil J.Setpaul) және Рита Натвани (Reeta Natwani) сынды сертификатталған коучтер, жетекші мамандарды шақырдық. Рита Сингапур мен әлемнің басқа да көптеген елдерінде сұранысқа ие коуч-тренерлердің бірі болып табылады, сондай-ақ топ 100 коучтер қауымдастығына кіреді.
Біздің тренерлер қызықты сессиялар жүргізді, онда тыңдаушылар өзара тәжірибелерімен бөлісіп, кері байланыс орнатып, эмоцияларын және командаларының эмоциялық құрамын басқаруда өз дағдыларын жетілдірді. Тренерлер мемлекеттік қызметшілердің қызметіндегі эмоциялық интеллектінің маңызына жеке назар аударып, шетелдік тәжірибеден мысалдар келтіріп, біздің қазақстандық ерекшеліктерді ескере отырып, нақты ұсынымдар берді.
Семинарға жергілікті кадр қызметтері оқуға жіберген, орталық және жергілікті органдардың құрылымдық бөлімшелерінің 30-дан астам басшылары қатысты.
Эмоциялық интеллект бойынша тыңдаушылардың дағдыларын дамыту бойынша әрі қарайғы жұмыстар жалғасатынын атап өткен жөн. Академия үшін біздің бағдарламалардың оқудан кейін де өз жалғасын табуы аса маңызды. 10 «ерікті» таңдалды, 3 ай бойы олардың мінез-құлқы мен жұмысында қандай да бір өзгерістерді анықтау бойынша жұмыс жүргізіледі. Объективті бағалау үшін олардың басшылары, қол астындағы қызметкерлері және басқа да әріптестерімен сұхбаттасу мен сауалнама өткізілетін болады.