Академия ректоры Ерлан Әбіл «Орталық Азиядағы климаттық өзгерістерге төзімділікті күшейту және қауіпсіздікті арттыру мақсатында су секторында жоғары білімді нығайту» жөніндегі Erasmus+ жобасы аясында келген делегацияны қабылдады.
Жоба аясында Еуропалық Одақ пен Орта Азия мемлекеттерінің жоғары оқу орындары, су ресурстарын басқару және су дипломатиясы бағыттары бойынша кәсіби құзыреттіліктерді нығайту жоспарда бар. Сонымен қатар тәжірибе алмасу, мамандардың ғылыми-аналитикалық әлеуетін нығайту күтілуде.