Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызметшілерді, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсетуді дамыту саласындағы қызметкерлерді арнайы ағылшын тіліндегі тегін оқыту семинар-тренингісіне шақырады.
Бұл семинар-тренингті Еуропалық Одақтың Эразмус+ [DECIDE] «Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қызметтерді дамыту» жобасы шеңберінде инклюзивті білім беру саласындағы халықаралық оқытушылар мен мамандар тобы әзірледі.
«DECIDE» жобасы аясында инклюзивті білім беру және қоғам туралы ақпаратты максималды түрде тарату үшін осы жоба бойынша серіктес университеттердің оқытушылары және сарапшыларымен Болон конвенциясына сәйкес университеттердің профессорлық-оқытушылық құрамы, әртүрлі тиісті мемлекеттік органдардың қызметкерлері және ҮЕҰ өкілдері үшін жоба веб-сайтының платформасында оффлайн және онлайн режимінде оқытуға байланысты 8 білім беру модулі ұсынылды.
Біздің семинар-тренинг шектелмейтін келесі тақырыптарды қамтиды:
- Мүмкіндігі шектеулі адамдарға ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері;
- Әлеуметтік маркетинг: теория және тәжірибе;
- Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кітапхана жұмысын ұйымдастыру;
- Мүмкіндігі шектеулі студенттермен жұмыс істеу орталықтарының мамандарын даярлау;
- Когнитивтік ерекшеліктердің оқу процесіне әсері (жеңіл және орта дәрежедегі когнитивтік бұзылулар, дислексия);
- Мүмкіндігі шектеулі студенттермен байланыс және өзара әрекеттесу ерекшеліктері (аутизм);
- Физикалық шектеулер мен сезім мүшелеріне байланысты шектеулер (есту, көру және т.б.);
- Студенттердің әлеуметтік, эмоционалдық және мінез-құлық қиындықтары.
Курс 10 апта ішінде 40 сағатқа есептелген. Сабақтар аралас форматта, аптасына екі рет 2 академиялық сағаттан тегін негізде өткізілетін болады. Семинар аяқталғаннан кейін қатысу сертификаттары беріледі. Өтініштер резюмелермен бірге 2022 жылдың 20 сәуіріне дейін қабылданады.
Ескертпе:
«Бұл жоба Еуропалық Комиссияның қолдауымен қаржыландырылады. Бұл жарияланым
[хабарлама] тек автордың көзқарасын көрсетеді және Комиссия осы ақпараттың кез-келген пайдаланылуы үшін жауапты болмайды».
Қосымша ақпарат алу және семинар-тренингке жазылу үшін байланыс деректері:
Жулкубаева Динара Нагашбаевна
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қолданбалы зерттеулер институтының жетекші сарапшысы
Тел. +7 7172 75 10 41, email: d.zhulkubayeva@apa.kz
Жобаның ресми сайты: http://www.decideproject.ie/
Жоба туралы ақпарат Академияның сайтында: https://www.apa.kz/ru/mezhdunarodnoe-partnerstvo/