Комплаенс жүйесін енгізудің мақсаты – ұйымда сыбайлас жемқорлық тұрғысынан қауіпті қызмет салаларын анықтау және талдау бойынша тиімді тетіктерді құру, сыбайлас жемқорлық қатынастары туындаған жағдайда құқықтық және қаржылық тәуекелдерді бағалау және басқару, ұйымды әртүрлі құқықтық, экономикалық, салықтық, санкциялық қатерлерден, беделге нұқсан келу қатерінен және өзге де қатерлерден кешенді қорғауды қамтамасыз ету.
Реттеушілік орта сыбайлас жемқорлықпен күрес және заңсыз жолмен алынған ақша қаражаттарын жылыстатуға қарсы іс-қимыл саласында өзара әрекеттесетін нормативтік реттеушілердің жиынтығын білдіреді.
Нормативтік актілердің үш негізгі блогы:
- Шетелдік заңнама (экстерриториалдық сипатқа ие).
- Халықаралық заңнама (Қазақстан ратификациялаған конвенциялар).
- Қазақстанның заңнамасы, заңдар мен заңға тәуелді нормативтік актілерді қоса алғанда.
Комплаенс, ақша жылыстатуға қарсы іс-қимыл және терроризмді қаржыландыру (АЖҚІҚ/ТҚ) саласындағы заңнамалық актілердің экстерриториалдық (трансшекаралық) сипатына байланысты.
Шетелдік заңнама мысалдары:
«Шетелдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» АҚШ Заңы (Foreign Corrupt Practices Act, FCPA, 1977).
2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген «Шетелдік шоттарға салық салу туралы» АҚШ Заңы (Foreign Account Tax Compliance Act – FATCA).
«Парақорлық туралы» Ұлыбритания Заңы (UK Bribery Act).
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 16-бабында квазимемлекеттік ұйымдардың өз ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметін құру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шараларды қабылдау міндеттері қарастырылған
Компаниялардағы ұжымдық комплаенс-жүйенің тиімді жұмысының нәтижелері келесідей:
- алаяқтық, сыбайлас жемқорлық құбылыстары және компания қызметіне төнетін қауіптің өзге де түрлерін анықтау және олардың алдын алудың жолға қойылған жүйесі;
- қаржылық шығындардың, банкроттықтың, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік реттеушілердің тарапынан компанияларға қатысты қолданылатын санкциялардың алдын алу және оларды азайту;
- реттеушілердің талаптарын орындамау қатерін мониторингілеу, тану және алдын алу;
- компаниялардың қызмет тиімділігін, олардың бәсекеге қабілеттілігі мен құнын арттыру;
- компаниялардың Қазақстанда әрі шетелде іскерлік абыройын сақтау және көтеру.
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы: https://online.zakon.kz/document/?doc_id=33478302
- Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар: https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/documents/details/111688?lang=ru
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің типтік ережелері: http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1600014441#z1
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу ережелері: http://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000019941#z14
- Нормативтік құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасын жүргізу ережелері: http://adilet.zan.kz/rus/docs/P2000000451#z12
- 2020 жылдың 29 қазанында өткен Қазақстанда комплаенсты дамыту және ілгерілету бойынша халықаралық онлайн-форумның материалдары: https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/documents/details/124895?lang=ru
- Әдеп және комплаенс бағдарламасының бес негізгі құрамдасы. Deloite: https://www2.deloitte.com/content/dam/Deloitte/ru/Documents/risk/russian/pyat-sostavlyayushchih-programmy-etiki-komplaens.pdf
- Комплаенс функциясын халықаралық зерттеу. KPMG: https://assets.kpmg/content/dam/kpmg/ru/pdf/2017/07/ru-ru-international-compliance-survey.pdf
- Тиімді комплаенс-бағдарламаның 10 элементі. FCPA:
- https://xco.news/analytic/2018/08/08/10-elementov-effektivnoi-komplaens-programmy
- Комплаенс-тәжірибе сыбайлас жемқорлықпен күресудің превентивті әдісі ретінде. Антонина В. Волошенко: http://www.irbis-nbuv.gov.ua/cgi-bin/irbis_nbuv/cgiirbis_64.exe?C21COM=2&I21DBN=UJRN&P21DBN=UJRN&IMAGE_FILE_DOWNLOAD=1&Image_file_name=PDF/ape_2014_7_50.pdf
- Комплаенс саласындағы өзекті сұрақтар. Rödl & Partner: https://www.roedl.net/fileadmin/user_upload/Roedl_Russia/Leitfaden/Leitfaden_Compliance_ru_2020_01.pdf
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс: ISO 37001 халықаралық стандарты: https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/press/news/details/128904?lang=ru
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2020 жылғы ұлттық баяндама: https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/documents/details/152774?lang=ru
- «Мүдделер шиеленісінің алдын алу бойынша жүйелі шараларды әзірлеу» зерттеуі: https://www.astanacivilservicehub.org/uploads/research_pdf/research%20project/4_Rus.pdf