Жаңалықтар

Филиал басшыларының іссапары аясында СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕССИЯ ӨТТІ

28-30 маусым күндері Академияның филиал басшыларының Нұр-Сұлтан қаласына іссапары аясында Академия құрылымдық бөлімшелері басшыларының стратегиялық сессиясы өтті.

Іс-шараның мақсаты – Академияның маңызды даму жоспарларын бірлесіп әзірлеу. Үш күн ішінде Академия жұмысының негізгі мәселелері талқыланды. Стратегиялық сессияның ашылуында күн тәртібі аталып, оған сәйкес кездесулердің, семинарлардың, панельдік сессиялар мен өзекті мәселелер бойынша талқылаулардың тақырыптары айтылды:

-Мемлекеттік қызметшілерді қысқа мерзімді оқытуды дамытудың стратегиялық басымдықтарын әзірлеу бойынша стратегиялық сессия;

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қолдануды сақтау;

– Білім беру блогы бойынша сессия;

– Бизнес-процестерді оңтайландыру және формализациялау сессиясы;

– «Филиалдардағы персоналды басқару» сессиясы;

– «Даму жоспары» қаржы мәселелері бойынша сессия;

– «БАҚ-пен жұмыс» тренингі;

– «Филиалдардың бәсекеге қабілеттілігі» сессиясы;

– Бірыңғай құжат айналымын құру бойынша сессия;

– Электоралды демократия;

– Кітапхана қызметінің тәжірибесін трансляциялау.

Іс-шараға Академияның барлық он алты филиалының директорлары мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты. Өткен кездесулер барысында айтылған барлық ұсыныстар Академия қызметін одан әрі жетілдіру кезінде ескерілетін болады.

​Стратегиялық сессияға қатысушылардың өздері айтқандай, үш күн ішінде Академия мен оның филиалдарының жұмысына қатысты өзекті мәселелер мен маңызды тақырыптар көтерілді. Филиал директорлары ең алдымен тәжірибе алмасып, одан әрі даму жолдары мен стратегиясын айқындады. Тренерлер пулын жасақтау және оқу процесін ұйымдастыру туралы көптеген құнды ақпараттар айтылды. Мұндай форматтағы кездесулерді өткізу Академияның үлкен командасының корпоративтік рухын дамыту үшін маңызды.

​Стратегиялық сессияның қорытындысы бойынша қатысушылар іс-шараны жоғары бағалады – олар Академияның ағымдағы қызметі туралы өзекті ақпарат алып қана қоймай, сонымен қатар бейресми жағдайда уақытты пайдалы өткізе алды.

 


Your browser does not support SVGs