Жаңалықтар

ФИНЛЯНДИЯМЕН ҚОС ДИПЛОМ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ АЯСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Академия басышылығы Финляндияның Сейняйоки қолданбалы зерттеулер университетінің ректоры және магистрлік бағдарламалар бөлімінің жетекшісімен кездесті.

Кездесу барысында Академия ректоры Әбіл Ерлан Қуанышұлы Финляндияның Сейняйоки қолданбалы зерттеулер университетінің ректоры Jakko Hallilav мырзамен ынтымақтастық мәселелері, атап айтқанда қос диплом бағдарламасын жүзеге асыру, қолданбалы зерттеулер саласында әріптестік орнату мүмкіндіктері талқыланды.

Кездесу соңында тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, әріптестіктің жаңа деңгейіне өтетініне сенім білдірді.

Сейняйоки университеті басшылығы өз сапары аясында қос диплом бағдарламасына қатысуға ниет білдірген магистранттармен сұхбат өткізді. Сұхбат нәтижесінде Академия және Сейняйоки университеті бірлесіп жүзеге асыратын қос диплом бағдарламасына үздік магистранттар іріктеліп алынды.


Your browser does not support SVGs