Жаңалықтар

Франция елшісі Дидье Канесс жұмыс сапарымен Мемлекеттік басқару академиясына келді

2020 жылдың 27 қарашасында Франция Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Жоғары Мәртебелі Дидье Канесс мырза және Қазақстандағы Франция Елшілігінің мәдениет және ынтымақтастық мәселелері жөніндегі кеңесшісі Алекс Бортолан ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына жұмыс сапарымен келді.

Академия ректоры Әбіл Ерлан Дидье Канесс мырзаны жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, Академияның француз тарапымен ынтымақтастығының негізгі тұстарын атап өтті. Ректордың Франция Елшісімен кездесуі барысында Академияның стратегиялық басымдықтары, мақсаттары мен міндеттері, оның құрылымы, кәсіптік оқыту туралы айтылды.

Өз кезегінде Канесс мырза білім беру және зерттеу процестері туралы сұрақтар қойып, тиімді серіктестік пен ынтымақтастық идеяларын ұсынды.

Кездесу соңында екі жақ тарап Академияның Француз Республикасымен одан әрі ынтымақтастығы бойынша келіссөздер жүргізді.

 


Your browser does not support SVGs