2021 жылдың 14 қаңтарында Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында (РХШжМҚА) дәстүрлі Гайдар форумы өтті.
Форумға белгілі сарапшылар, билік органдарының өкілдері, саяси және қоғам қайраткерлері, әлемнің түрлі елінен келген кәсіпкерлер, соның ішінде ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл, Қырғыз Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Алмазбек Акматалиев, Әзірбайжан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Урхан Алекперов, Беларусь мемлекеттік университетінің профессоры Геннадий Пальчик, RISEBA University Бизнес және экономика факультетінің деканы Ирина Сенникова, Молдова Республикасының Қоғамдық басқару академиясының проректоры Аурел Сымботяну және т.б. қатысты.
«Посткеңестік кеңістік елдеріндегі мемлекеттік басқару эволюциясы (1991-2021)» атты секциялардың бірінде Академия ректоры Ерлан Әбіл құттықтау сөзін сөйледі, онда өткен жылдың қорытындысы және көпжылдық ынтымақтастық аясындағы бірлескен жобалардың нәтижелері көрініс тапты.
Сондай-ақ, Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл өз баяндамасы барысында «Посткеңестік елдердегі мемлекеттік басқару эволюциясы» атты кітаптың коллегиалды жазылуының маңызын атап өтті:
«ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының авторлық ұжымы үшін біздің еліміздің мемлекеттік басқаруының қалыптасу тәжірибесі туралы өз білімімен бөлісу – үлкен мәртебе. Осы жылы ТМД елдері сияқты Қазақстан Республикасы да өз тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеді, осы уақытта мемлекеттік басқару жүйесі де онымен бірге дамыды» – деп атап өтті Ерлан Әбіл.
Әлемдегі эпидемиологиялық шектеулерге байланысты Гайдар форумы біріктірілген форматта, РХШжМҚА орталық кампусының алаңында панельдік пікірталастарда өтті