«Идеялар фабрикасы» Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесін жақсарту мақсатында Академия базасында құрылды. Бүгінгі таңда Академияның басты құндылықтарының бірі идеядағы ашықтық және ниет білдірушілердің: мемлекеттік қызметшілердің, кәсіпкерлердің және белсенді азаматтардың бастамаларын бірлесіп іске асыруға тарту болып табылады. Бізге нақты нәтижелерге бағытталған қызықты идеялар маңызды, сондықтан да идеяларды талқылау «Memlekettik qyzmet: Quick wins» ұранымен өтеді.
Егер жобалық менеджмент тілінде айтатын болсақ, алаң бастамашылық сатысы болып табылады, онда авторлар өз идеяларын жеткізіп, сараптамалық баға алады және мүдделі тараптарды тартады. Бірақ ең бастысы – бұл жылдам енгізуге және пайда алуға болатын нақты жобаларды одан әрі іске асыру. Осылайша, шешім қабылдау үшін нақты алаң бола отырып, «Фабриканың» мақсаты формализмсіз және бюрократиясыз жылдам жеңіске жету үшін бірлескен алқалық шешімдер әзірлеу болып табылады.
Сондай-ақ, «Фабриканың» форматы мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін айтарлықтай ашуға мүмкіндік беретіні қуантады. Біз күнделікті еңбек қызметімен бірге қоршаған ортаны жақсы жаққа қарай өзгертуге деген ниетті, идеяларды ұсынудағы бастамашылық пен батылдықты көріп отырмыз.