Академияда мемлекеттік басқару жүйесін жақсарту мақсатында нақты жобаларды одан әрі іске асыру үшін идеяларды іріктеу жалғасуда.
Жұма күнгі төртінші «Memlekettik qyzmet: quick wins» брейнстормингінде мемлекеттік сатып алуда адал әлеуетті өнім берушілердің тізілімін құру және оны қолдану, Open Data.kz, кадрлар конвейері және тағы басқалар талқыланды.
Брейнстормингтің әр жұма күні сағат 17.30-да Академияның YouTube-арнасында онлайн-режимде өткізілуі әдетке айналды. Жазба арнада сақталып қалады (плейлист – Идеялар фабрикасы).
Тізілімді құру идеясын Академияның Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің магистранты ұсынды. Оның айтуынша, тізілімді құру мемлекеттік сатып алудың ашықтығын арттыруға және адами факторды жоюға бағытталған. Түпкі мақсат – әлеуетті жеткізушілерді алдын ала іріктеу мен алдыңғы тапсырыстарды орындау кезінде өзін көрсете білгендер есебінен мемлекеттік тапсырысты сапалы орындау қағидатын қамтамасыз ету.
Академияның Басқару институтының магистранттары барлық ізденушілердің зерттеу жұмыстарына ашық қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, Open Data.kz ақпараттық-ресурстық платформасын құруды ұсынды, мемлекеттік органдар жыл сайын зерттеуге тапсырыс береді. Оларды барынша пайдалануға мүдделілік жоқ және зерттеу нәтижелері үшінші тұлғалардың пайдалануы үшін қолжетімсіз болып қалады.
Сондай-ақ кадрлар конвейерін құру ұсынылды. Идея авторы – Академияның Басқару институты магистрантының айтуынша, Сингапур елінің мемлекеттік қызметі таланттарды басқару құралдарын қолданады. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанның мемлекеттік қызметі үшін барынша бейімделген білім беру бағдарламасы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы болып табылады, ол бойынша даярлау еліміздің 56 ЖОО-да жүзеге асырылады. Осы бағдарлама шеңберінде білім беру модульдері бойынша әдістемелік ұсыныстарды әзірлеумен Академия айналыса алады. Білім беру модульдеріне сингапурлық тәжірибе мысалында қосарлы білім беру принциптерін енгізу қажет.
Брейнсторминг қатысушылары айтқан мәселелер мен нақты ұсыныстар Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне одан әрі пысықтау мен оларды іске асыру үшін берілетін болады.
Сонымен қатар, Академия мемлекеттік қызметте прогрессивті өзгерістер енгізгісі келетін бастамашыл мемлекеттік қызметшілер арасынан «жедел нәтижелер» КОМАНДАСЫН құруды ұсынады. Дереу шешу және жылдам орындау үшін пәрменді ұсыныстар генерациясы құпталады (7, 15, 30, 60, 90 күн).
Баршаларыңызды Академия базасында ашық диалог түрінде мемлекеттік органдардың қатысуымен өтетін брейнстормингтің жаңа форматы – «Memlekettik qyzmet: quick wins» Идеялар фабрикасы аясында инновацияларды ынталандыру мен ынтымақтастыққа шақырамыз.
Ресімделген идеялар мен ұсынымдарды мына электрондық адреске жіберу қажет: k.nurbek@apa.kz
Идеяларды/ұсыныстарды қалай дұрыс ресімдеу қажет?
- Мәселені сипаттау.
- Аталған мәселені шешу үшін идеялар/ұсынымдар ұсыну.
- Идеяларды/ұсыныстарды іске асырудан алынған нәтижелерді көрсету.
Әр жұмада Сіздің ұсыныстарыңыз «Идеялар фабрикасы» брейнстормингінде талқылау үшін ұсынылатын болады.
Біздің Идеялар фабрикамызға қосылыңыздар! Сіздерді онлайн және оффлайнда әр жұмада сағ. 17.30-да күтеміз.