Жаңалықтар

«Идеялар фабрикасы» брейнстормингі 3.0

Академияда мемлекеттік басқару жүйесін жақсарту мақсатымен нақты жобаларды әрі қарай іске асыру үшін идеяларды іріктеу жалғасуда.

Жұма күнгі үшінші «Memlekettik qyzmet: quick wins» брейнстормингінде мемлекеттік қызметтегі мінез-құлық қағидаларын түсіндіру бойынша имидждік бейнероликтерді жасау (сыйлықтар, құттықтаулар, әріптестермен, халықпен сөйлесу және т.б.), сондай-ақ  жеке және заңды тұлғаларға арналған халыққа қызмет көрсету орталықтарына ұқсас коммуналдық қызметтерді көрсету орталығын (КҚКО) құру және басқа да көптеген мәселелер талқыланды. 

Көрсетілім жазбасын кейін көруге мүмкіндік беретін
YouTube каналындағы тікелей көрсетілім біздің брейнстормингілердің басты ерекшелігіне айналды (https://youtu.be/2foanSQ-9MM сілтеме бойынша).

Агенттіктің Төрағасы Алик Шпекбаев, Академияның ректоры Фатима Жақыпова, Агенттік пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы, Академия және түрлі ведомстволардың  қызметкерлерінің қатысуымен мұндай кездесулер тұрақты түрде өтетінін атап өткен жөн.

Брейнсторминг қорытындылары бойынша мемлекеттік басқару жүйесінде нақты нәтижелерге жетуге арналған жобалар іске асырылатын болады. 

Біздің Идеялар фабрикасына қосылыңыз! Сізді 22  ақпанда сағат 17.00-де онлайн және оффлайн күтеміз!


Your browser does not support SVGs