Идеялар фабрикасында бастама көтерілген күн: 24.12.2020
Проблеманың қысқаша сипаттамасы:
Мемлекеттік сатып алулар конкурстарының негізсіз ұзақтығы.
Тауарлар мен қызметтер бағасының демпингтік шегінің болмауы.
Нәтижесінде тауарлар мен қызметтерді уақытылы жеткізбеу.
Бюджет қаражатын игеру мерзімін кешіктіру.
Тиімсіздікке және конкурсты қайта жариялау қажеттілігіне алып келеді. Жоба жеткізушілердің материалдық жауапкершілігін арттыру мақсатында тауарлардың бағаларын төмендетудің минималды шегін 25%-дан төмендемейтіндей орнату, кепілдік жарнаны енгізу бойынша шекті лимитті 1%-дан 5%-ға арттыру және шартты орындауды қамтамасыз етуді 3%-дан 10%-ға көбейту және т.б. арқылы мемлекеттік сатып алулар жүйесін оңтайландыруға бағытталған.
Автордың байланыс деректері:
РЫПАКОВ Денис Сергеевич
«ШҚО әкімдігі» ШҚО ММ Дене мәдениеті және спорт басқармасының басшысы, тел.: 87757972222, rypakovd@mail.ru
Презентацияны жүктеу ↓:145
Бастама көтерілген күн: 17.05.2019 – XII Фабрика
Сұрақтың проблемасы:
- Әдетте, бағдарламалық құжаттар, соның ішінде, әлеуметтік сипаттағылары ресми тілде жазылған, сондай-ақ олар өзге құжаттарға сілтеме жасайтын нормаларға ие, бұл тұрғындарға әрдайым түсінікті бола бермеуі мүмкін.
- Мемлекет жүзеге асыратын әлеуметтік бастамалардың тиімділігін талдау үшін пайда алушылармен тұрақты негізде кері байланыс орнатып отыру қажет.
- Тұрғындардың мемлекет жүргізетін саясат пен оның бағдарламалары, соның ішінде, әлеуметтік саладағы бағдарламалары туралы хабардар болмауы.
Жобаның мәні:
Кеңес беру, ақпараттық-түсіндірме сипатындағы көмек көрсету мақсатында өзара әрекеттесу үшін 3-жақта алаң құру (білім беру саласының мекемелерін немесе мүгедектер, аналар одақтарын пайдалану). Екіншіден, Швеция мысалында мемлекеттік органдар сайтының контенті жеңілдетілген екінші нұсқасын әзірлеу. Үшіншіден, АҚШ-тағы 911 мысалында 101, 102, 103, 1414 қызметтерін бірыңғай байланыс орталығына біріктіру.
Автордың байланыс деректері:
БАЙТУСУПОВА Сауле, тел:. 87765230826,
СЕЙТКАДЫРОВА Асель тел:. 87019223797.
Презентацияны жүктеу ↓:25
Бастама көтерілген күн: 17.05.2019 – XII Фабрика
Сұрақтың проблемасы:
- Әдетте, бағдарламалық құжаттар, соның ішінде, әлеуметтік сипаттағылары ресми тілде жазылған, сондай-ақ олар өзге құжаттарға сілтеме жасайтын нормаларға ие, бұл тұрғындарға әрдайым түсінікті бола бермеуі мүмкін.
- Мемлекет жүзеге асыратын әлеуметтік бастамалардың тиімділігін талдау үшін пайда алушылармен тұрақты негізде кері байланыс орнатып отыру қажет.
- Тұрғындардың мемлекет жүргізетін саясат пен оның бағдарламалары, соның ішінде, әлеуметтік саладағы бағдарламалары туралы хабардар болмауы.
Жобаның мәні:
Кеңес беру, ақпараттық-түсіндірме сипатындағы көмек көрсету мақсатында өзара әрекеттесу үшін 3-жақта алаң құру (білім беру саласының мекемелерін немесе мүгедектер, аналар одақтарын пайдалану). Екіншіден, Швеция мысалында мемлекеттік органдар сайтының контенті жеңілдетілген екінші нұсқасын әзірлеу. Үшіншіден, АҚШ-тағы 911 мысалында 101, 102, 103, 1414 қызметтерін бірыңғай байланыс орталығына біріктіру.
Автордың байланыс деректері:
БАЙТУСУПОВА Сауле, тел:. 87765230826,
СЕЙТКАДЫРОВА Асель тел:. 87019223797.
Презентацияны жүктеу ↓:31
Бастама көтерілген күн: 14.06.2019 – XV Фабрика
Сұрақтың проблемасы:
Мектептердегі бюджеттік шығындардың айқын еместігі.
Сыбайлас жемқорлық қаупінің орын алу мүмкіндігі.
Жобаның мәні:
Жоба жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік мектептерді қамтамасыз етуге бөлетін ақша қаражаттарын қоғамдық мониторингілеу құралдарын дамытуға бағытталған. Соның ішінде, мектептердің бюджетін Ашық үкімет компонентіне – EGov порталының «Ашық бюджеттеріне» қосу ұсынылады. Бұдан өзге, бұл мектептерді қаржыландырудың ағымдағы жағдайын көруге, қаржыландырудың жетіспеушілігінен ақша жинаудың объективті алғышарттарын анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай жоба ашық бюджеттер базасын құру тәсілін ауыстыруға мүмкіндік береді. Мәселен, біріктірілген бюджеттік бағдарламаларды ұсынудан бас тарту, нақты нысандарды қаржыландыру бойынша нақты мәліметтерді беру.
Автордың байланыс деректері:
БАЗАРБАЕВА Салтанат, тел:. 8-777-139-33-81.
Презентацияны жүктеу ↓:22
Бастама көтерілген күн: 14.06.2019 – XV Фабрика
Сұрақтың проблемасы:
- Автобустардың аялдамалар мен жолаушыларды басып кету жағдайының жиілеуі.
- Жаяу жүргіншілер үшін ЖКО қаупі.
Жобаның мәні:
Жол қиылыстары мен аялдама павильондарында болатын ЖКО кезінде жаяу жүргіншілер арасында жарақат алу және өліммен аяқталатын жағдайларды 50%-ға азайту мақсатында 2021 жылға қарай Нұр-Сұлтан қаласының ЖКО-ның орын алу ықтималдылығы жоғары жол қиылыстарында және заманауи аялдама павильондарының алдында жол блокираторларын (боллардтарды) орнату, сондай-ақ осыған ұқсас жобаларды Қазақстанның өзге қалаларында жүзеге асыруды тарату ұсынылады.
Автордың байланыс деректері:
ЖУМАНБЕКОВ Адильбек, ҚР ҰЭМ Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті басқармасының басшысы, тел.: 742933, 87015509840, 87029630533.
Презентацияны жүктеу ↓:21
Бастама көтерілген күн: 27.09.2019 – XVII Фабрика
Сұрақтың проблемасы:
Импорттаушыларда Қазақстан Республикасының экспорт мүмкіндігі туралы ақпараттың болмауы.
Сертификациялық талаптар, ықтимал экспорттаушылар, шетелде жүргізілетін тендерлер туралы ақпараттың болмауы.
Сауда миссиялары мен көрмелер туралы ақпараттың жеткіліксіздігі.
Жобаның мәні:
Жоба шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің отандық экспортының көлемін арттыруға, шетелдік серіктестердің қазақстандық өнім туралы өзекті ақпараттарға қолжетімділігін қамтамасыз ететін, экспортты «нүктелік» ілгерілетуге ықпалдасатын «Made in Kazakhstan» қазақстандық экспорт өнімінің ақпараттық порталын құру арқылы өткізу нарығын диверсификациялауға бағытталған. Сонымен қатар, ақпараттық портал қазақстандық өндірушілер үшін шетелдік импорттаушылардың қызығушылық танытуын, логистика мүмкіндіктерін, сертификациялық талаптарын білуге мүмкіндік тудырады, сондай-ақ импорттаушы мен экспорттаушының арасындағы тікелей каналға айналады.
Автордың байланыс деректері:
ЖАППАСОВ Рустем, ҚР СІМ Сыртқы экономикалық саясат департаменті Экспортты үйлестіру басқармасының басшысы, тел.: 87019256075, 87172720353.
Презентацияны жүктеу ↓:19
Бастама көтерілген күн: 27.09.2019 – XVII Фабрика
Сұрақтың проблемасы:
- Азаматтардың сауалдарына уақытылы жауап бермеу.
- Әлемде болып жатқан қарқынды сыртқы өзгерістер.
Жобаның мәні:
Жоба Академия негізінде мемлекеттік басқару саласындағы жаңа тенденцияларды талдауды көздейтін және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша міндетті іске асыруға ықпалдасатын сарапшылық желіні құруға бағытталған. Жобаны жүзеге асыру орын алып жатқан өзгерістер табиғаты туралы терең түсінік қалыптастыруға және алда болатын өзгерістердің «әлсіз сигналдарын» анықтауға, сондай-ақ жүйелік «қақпандарға» түсуден сақтануға мүмкіндік береді.
Автордың байланыс деректері:
КОШЕРБАЕВА Айгуль, Академияның вице-ректоры, тел.: 87172 75 10 20.
Презентацияны жүктеу ↓:25
Бастама көтерілген күн: 17.05.2019 – XII Фабрика
Сұрақтың проблемасы:
Бір мемлекеттік органнан екіншісіне ауысқан кезде, жұмысқа орналасқанда, банкке жүгінген кезде жұмыс орнынан берілетін анықтаманы ұсыну қажеттілігі.
Анықтаманы беру уақытының ұзақтығы.
Өтінім берушінің өтінімді өзі барып, беруі.
Жобаның мәні:
Жұмыс орнынан ұсынылатын анықтаманы Egov арқылы беру және алудың электрондық форматын енгізу.
Автордың байланыс деректері:
ПОЛАТБЕКОВА Асель, Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық даму департаментінің сарапшысы, тел.: 87751004525.
Презентацияны жүктеу ↓:23
Бастама көтерілген күн: 31.05.2019 – XIV Фабрика
Сұрақтың проблемасы:
- Қызмет мемлекеттік қызметтер тізіліміне қосылмаған және оны ұсыну сапасының төмен деңгейі.
- Кәсіпкер құқыққа ие болуы-болмауы анықталғанға дейін ол қаржылық шығындарға ұшырайды.
- Өтінім берушілерге мемлекеттік органдардан алынған көптеген құжаттарды ұсыну қажеттілігі.
- Кен орны туралы визуалды ақпаратқа қолжетімділіктің болмауы.
Жобаның мәні:
Жоғарыда аталған мәселелерді шешу мақсатында жер қойнауын пайдалану құқығын беру саласында бизнес-үрдістерді автоматтандыру.
Автордың байланыс деректері:
ЕСМАГАМБЕТОВ Д.Б., Мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы, Павлодар облысы әкімінің аппараты, консультант – ДУЛАМБАЕВА Раушан,
БИ профессоры.
Презентацияны жүктеу ↓:32
Бастама көтерілген күн: 05.07.2019 – XVI Фабрика
Сұрақтың проблемасы:
Конкурстық рәсімдерді дайындау және өткізуде қағаз түріндегі құжат айналымы.
Жобаның мәні:
E-қызмет және Kyzmet.gov жүйелерінде әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді конкурстық іріктеу үрдісін автоматтандыру ұсынылады. Қазіргі таңда барлық конкурстық рәсімнің 60%-ы қағаз түріндегі құжат айналымынан тұрады.
Автордың байланыс деректері:
БИСЕМБАЕВА Сауле, Персоналды басқару және дамыту жөніндегі бірыңғай қызметтің бас маманы, Нұр-Сұлтан қ. әкімінің аппараты, тел.: 87754993777, 557269/557544.
Презентацияны жүктеу ↓:23
Бастама көтерілген күн: 14.06.2019 – XV Фабрика
Сұрақтың проблемасы:
Ерекше қажеттілігі бар адамдардың кресло-арбалар арқылы өздігімен ұзақ қозғалуы кезінде қиындыққа тап болуы.
Ерекше қажеттілігі бар адамдардың кресло-арбалар арқылы өздігімен саяхаттау мүмкіндігінің болмауы.
Кресло-арбалар арқылы қозғалатын ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін туризмнің жеткіліксіз дамуы.
Қолмен басқарылатын кресло-арбалармен қозғалудың қиындығы (күніне 5 шақырымнан артық жүру қиын), ал электрлік кресло-арбалар тым ауыр әрі қымбат.
Жобаның мәні:
Нұр-Сұлтан қаласында Astanabike велосипед станциясының базасында кресло-арбаларға арналған электр приставкаларын тегін жалға беру станцияларын орнату ұсынылады. Нәтижесінде ерекше қажеттілігі бар адамдар мобильділігінің артуы мүмкін болмақ.
Автордың байланыс деректері:
АСКАРОВ Ерлан, ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің Ана мен баланы қолдау басқармасының басшысы, тел:. 87789997773, 743323, e.askarov@enbek.gov.kz.
Презентацияны жүктеу ↓:27
Бастама көтерілген күн: 05.04.2019 – VIII Фабрика
Жобаның қысқаша сипаттамасы:
ХҚКО арқылы құжаттарды өткізудің жасырын әдісі, мемлекеттік қызметті көрсетудің ұзақ мерзімі, өкілетті органдардың тарапынан дұрыс емес берілетін консультация барлық қажетті құжаттарды электронды түрде беру арқылы инвесторлық виза беру рәсімін жақсартуға және жеделдетуге негіз болып табылады. Визаларды беру саласында «қызмет үшін қызмет»-ті алып тастай отырып, бизнес-үрдістерді жетілдіру маңызды.
Автордың байланыс деректері:
МАМЫТ Айдос, Бизнесті және инвестицияларды сыбайлас жемқорлықтан қорғау бойынша жобалық кеңсенің жоба менеджері, тел.: 87010187770, 98 36 79.
Презентацияны жүктеу ↓:21
Бастама көтерілген күн: 19.04.2019 – X Фабрика
Жобаның қысқаша сипаттамасы:
Жоба кәсіпкерлік субъектілері үшін әкімшілік рәсімдерді қайта ұйымдастыруға, жеңілдетуге және даладағы сауда павильонына коммуникацияны қосуға рұқсат беретін құжаттарды ұзақ уақыт алу мәселесіне байланысты сауда құқығының қарапайым және ашық тетігін құруға бағытталған.
Автордың байланыс деректері:
МУХАМЕДЬЯРОВА Айгерим, Мейірбике ісін жетілдіру орталығының Мейірбике ісі факультеті деканының орынбасары, «Астана медицина университеті» КЕАҚ,
тел.: 87014595007.
Презентацияны жүктеу ↓:32
Бастама көтерілген күн: 19.04.2019 – X Фабрика
Жобаның қысқаша сипаттамасы:
Жоба мобильді қосымшаны жетілдіру арқылы ҚР азаматтарының цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған, себебі қазіргі таңда ЭЦҚ-ны алудың қиындықтары бар. Жобаны жүзеге асыру бұл шектеулерді алып тастауға мүмкіндік береді.
Автордың байланыс деректері:
ШАЙМЕРДЕН Жансая, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің
Заңнамалық қызмет департаменті Құқықтық сараптама басқармасының сарапшысы,
тел.: 87755291327, 55 96 29.
Презентацияны жүктеу ↓:23
Бастама көтерілген күн: 19.04.2019 – X Фабрика
Жобаның қысқаша сипаттамасы:
Жобаның мақсаты – адамдарды іздеу бойынша ІІМ базасымен оңтайландырылған сайт құру. Сайт барлық ақпаратты көрсетеді: жоғалып кеткен адамдардың фотосуреттерін, ерекше белгілерін, шамалас деректерін, жақындары мен туыстарының байланыс ақпаратын.
Автордың байланыс деректері:
РАМАЗАНОВА Жайнагуль, ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы департаментінің сарапшысы, тел.: 74 06 19, 87076573856.
Презентацияны жүктеу ↓:31
Бастама көтерілген күн: 05.07.2019 – XVI Фабрика
Қысқаша сипаттамасы: Ақтау қ. мемлекеттік мекемелерінің аймақтың кіріс картасын құру және келісу, растау бойынша өзара әрекеттесуін оңтайландыру қажеттілігіне байланысты ЭЕМ үшін арнайы бағдарламаны енгізу арқылы бизнес-үрдісті автоматтандыру ұсынылады. Оның аясында «Аймақтың кіріс картасы» (бұдан әрі – АКК) модулі әзірленген АКК модулін қолдану ММ-дердің өзара әрекеттесу үрдістерін жеңілдетуге мүмкіндік беріп қана қоймай, алдағы уақытта ақпаратты жоғары тұрған мемлекеттік органдарға ұсынуды да оңайлатуға септігін тигізеді. Бұдан өзге, үрдіске «адами фактор» әсерінің азаюы мамандар пайдаланатын деректердің «сапасын» біршама көтеруге мүмкіндік береді.
Автордың байланыс деректері:
ТУРКМЕНБАЕВА Жаннат, Ақтау қ. әкімі аппаратының жанындағы Экономика және бюджеттік жоспарлау қалалық бөлімінің басшысы, тел.: 87015755124.
Презентацияны жүктеу ↓:23
Бастама көтерілген күн: 01.03.2019 – V Фабрика
Қысқаша сипаттамасы:
Биометриялық параметрлерді және тесттен өтушінің эмоцияларын анықтай отырып, мемлекеттік қызметшілерді тестілеу жүйесін құру. Нәтижесінде барынша шынайы жауаптар мен мемлекеттік қызметші бейнесін талдау, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік деңгейін шынайы анықтау жүзеге аспақ.
Автордың байланыс деректері:
БЕКМҰСА Мағжан, тел.: 87077772826; ГАНИЕВА Айдана, тел.: 8747 463 3724,
КДИ қайта даярлау курстарының тыңдаушылары.
Бастама көтерілген күн: 01.03.2019 – V Фабрика
Қысқаша сипаттамасы:
«Ерекше қажеттілігі бар тұлғаларды» мемлекеттік қызметке жұмысқа орналастыру жұмыссыз мүгедектер санын азайтуға және азаматтардың аталмыш санаты арасындағы әлеуметтік шиеленісті төмендетуге, сондай-ақ ірі, орта және шағын кәсіпорындарды тартуға мүмкіндік береді. 2018 жылғы дерек бойынша, Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің саны 680,0 мыңды құрады, олардың 417,9 мыңы еңбекке жарамды, жұмыс істейтіндері – 111,5 мың.
Автордың байланыс деректері:
ЕСИМОВ Талгат, КДИ қайта даярлау курстарының тыңдаушысы,
тел.: 8702 500 4519.
Бастама көтерілген күн: 22.02.2019 – IV Фабрика
Жобаның қысқаша сипаттамасы:
Тізілімді құру мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын арттыруға және адами факторды алып тастауға бағдарланған. Ақырғы мақсат – ықтимал жеткізушілерді және алдыңғы тапсырыстарды орындау кезінде өздеріне сенім ұялатқан жеткізушілерді алдын ала іріктеу есебінен мемлекеттік тапсырысты сапалы орындау қағидатын қамтамасыз ету.
Автордың байланыс деректері:
ТУСУПОВА Жанар, Мемлекеттік сатып алулар басқармасы басшысының орынбасары, Қарағанды облысының әкімдігі, тел.: 87765364111.
Презентацияны жүктеу ↓:21
Бастама көтерілген күн: 24.05.2019 – XIII Фабрика
Қысқаша сипаттамасы:
Қазақстандық зергерлік өнідіріс қажетті шикізат базасының болуына және нарықтағы сұранысқа қарамастан, дамымаған. Отандық кәсіпорындардың ішкі нарықтағы үлесі 2-3%-ды құрайды. Өндірушілерді ҚҚС төлеуден босату, бағалы тастар мен жабдыққа импорттық баж салығын азайту, шикізат қолжетімділігін арттыру сынды бірқатар ынталандыру шараларын қабылдау мәселелерін қарастыру жөн болмақ.
Автордың байланыс деректері:
САРЖАНОВ Ернар, ҚР ИИДМ Индустриалдық даму және өнекәсіптік қауіпсіздік комитетінің Түсті металлургия және сирек кездесетін металдар басқармасының басшысы, тел.: 75 – 48 – 71, 8 705 281 09 10.
Презентацияны жүктеу ↓:28
Бастама көтерілген күн: 24.05.2019 – XIII Фабрика
Қысқаша сипаттамасы:
Несиелердің төмен экономикалық қолжетімділігіне, төмен физикалық қолжетімділігіне, несиелендірудің төмен сапасына байланысты фермерлердің банк алдындағы несие төлеу қабілетін бағалауда ауылшаруашылық өнімдерін өндірудің технологиялық карталарына негізделген скорингтік (балдық) модельді әзірлеу ұсынылады (халықаралық тәжірибе негізінде).
Автордың байланыс деректері:
АРДАБАЕВА Айнур, МСҰМ магистранты, тел.: 87774719410.
Презентацияны жүктеу ↓:23