2020 жылғы 17-21 тамыз аралығында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының және оның филиалдарының қызметкерлері «ISO 37001 стандарты бойынша жетекші аудитор» атты сертификаттау курсынан оқытудан өтті (PECB Group Inc., Канада).
Оқыту барысында PECB сертификатталған халықаралық лекторы – Павлов Константин қатысушыларды куәліктерді іздеу негізіндегі аудиттің негізгі тәсілдерімен, ISO 19011 «Менеджмент жүйелерінің аудиті бойынша басшылық» нұсқауларына сәйкес аудит жүргізу рәсімдерімен таныстырып, парақорлықпен күрес менеджменті жүйесінің сыртқы және ішкі аудитін жүргізудің өзіндік практикалық тәжірибесімен бөлісті.
Бұл курс қатысушыларға парақорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің аудитін жүргізу үшін қажетті білім мен дағдыларды алуға, аудиттің жалпыға бірдей танылған принциптерін, рәсімдері мен әдістерін қолдануға мүмкіндік берді.
Оқу курсының қорытындысы – келесі аптада өтетін сертификаттау емтиханы болмақ. Емтиханды сәтті тапсырған қатысушылар «ISO 37001 жетекші аудитор» біліктілігін алатын болады және сертификатталған аудиторлардың халықаралық тізіліміне енгізіледі.
Айта кету керек, ағымдағы жылдың ақпан айында Академия қызметкерлері парақорлыққа қарсы күрестің нәтижелі және тиімді менеджмент жүйесін енгізу бойынша оқу курсынан өтіп, сертификаттау емтиханының қорытындысы бойынша «ISO 37001 енгізу бойынша жетекші маман» біліктілігін алды.
Учебный курс по менеджменту в области противодействия взяточничеству.