Жаңалықтар

«Кешенді міндеттерді орындауға бейімделген көшбасшылық» атты семинар өтті

10-12 қазанда Академияда «Кешенді міндеттерді орындауға бейімделген көшбасшылық» атты семинар өтті.  Дәріскер ретінде жеке құзіреттіліктерді дамыту жөніндегі тренер, коуч, «Strive High Pte Ltd» бас директоры Прити Дубей Сингапурдан арнайы шақырылды.

Қатысушылар бейімделген көшбасшылық моделін, өзгерістер нейробиологиясын зерделеді, дағдарыс кезінде қарсылықпен жұмыс істеу тетіктерін қарастырып, тұрақты көшбасшылық жоспарын құрды.

Қазіргі BANI-әлем өз ережелерін енгізді. Оған сәйкес жетістікке алдымен ең ақылды, ең жүйрік немесе ең мықты адам емес, жаңа, өзгерген жағдайға бейімделе алатын адам жетеді. Көшбасшы да, ең әуелі, жаңа нақтылықты қабылдап, онымен біртұтасқа айналуы керек. Жаңашылдықты енгізе отырып, көш бастаудың тиімді құралдары қандай, бейімделу барысында құндылықтарыңызды сақтап қалудың жолы қайсы, міне, Академия қабырғасында мемлекеттік қызметшілер үшін өткен семинар барысында осы мәселелер кеңінен тарқатылды.


Your browser does not support SVGs