Жаңалықтар

Куәліктер электронды түрде

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлаудың және біліктілігін арттырудың ережесіне өзгерістер енгізілді! Енді білім алушылардың біліктілікті арттырудан өткендігі туралы растайтын куәлікті электронды түрде алу мүмкіндігі бар.

«Жасыл Академия» жобасы аясында жүргізіліп жатқан бағдарламаға Академия екі жылдан астам уақыт дайындалды. Осы жоба шеңберінде «paper-free» принциптері іске асырылды. Сонымен қатар серверлік шешімдер негізінде электронды-цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып оңтайлы бағдарламаларды таңдау бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді.

Біз еліміздің жасыл экономикасына өз үлесімізді қосқанымызға қуаныштымыз!


Your browser does not support SVGs