Жаңалықтар

Магистранттары мен докторанттарының қатарына қабылдау салтанатты рәсімі

2017 жылғы 17 қарашада ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары мен докторанттарының қатарына қабылдау салтанатты рәсімі өтті.

Құттықтау сөзбен Академия ректоры сөз сөйледі. Фатима Жақыпова Академия қабырғасында алынған білім табысты мансап пен еліміздің дамуына салмақты үлес қосу мүмкіндігінің кепілі болуы тиістігін атап өтті.

«Мемлекеттік басқарушларды кәсіби дайындаумен айналысатын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жалғыз жоғары оқу орнына Сіздерге оқуға түсу бақыты бұйырды. Өздеріңізбен мақтануларыңызға болады, бірақ сонымен қатар Сіздерді көрсетілген сенімді ақтау қажеттілігі алда күтіп тұр. Сондай-ақ, Академияда оқу барысында Сіздерге тың ойларды, еңбекқорлықты және мақсатқа талпынушылықты көрсету қажет», — деді Ф. Жақыпова.

Академияда магистратура мен докторантура бағдарламалары бойынша оқуға биыл 147 адам түсті, оның ішінде шетелдіктер де бар.

Академияның түлектері Президент Әкімшілігінде, Үкіметте, жергілікті органдарда және ұлттық компанияларда басшылық лауазымдарды иеленіп отыр.


Your browser does not support SVGs