2017 жылдың 15-17 қарашасыы аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында шетелдік сарапшылар Владимир Батаев және Бойд Коуен «Қалалық басқарудағы инновациялар. Smart-city жобаларын жүзеге асыру» тақырыбында біліктілікті арттыру семинарын өткізіп жатыр.
Владимир Батаев (Нидерланд) – Zaz Ventures компаниясының ақылды және циркулярлық қалалардағы инновациялар бойынша сарапшысы. Белоруссия, Финляндия, Италия, Малайзия, Нидерланды, Румыния, Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері, Ұлыбритания және басқа да елдердегі муниципалитеттер, сәулет, қалалық дизайн компанияларымен және инновациялық компаниялармен түрлі жобалар бойынша жұмыс тәжірибесі бар.
Бойд Коуэн (АҚШ) – EADA Business School ғылым жөніндегі директор орынбасары, профессоры, экономикадағы баламалы стартаптарды дамыту туралы Барселона қалалық мәжілісінің кеңесшісі және Urban Innova компаниясының негізін қалаушы. Ол Smart City Council, DLab, Mobile World Congress консультативтік кеңесінің құрамында.
Семинардың алғашқы күнінде қатысушылар алдында «Astana Innovations» және Алматы қаласының даму орталығының өкілдері сөз сөйлейді, олар тыңдаушыларды ақылды қала тұжырымдамасымен және Астана және Алматы қалаларында жүргізіліп жатқан жобалармен таныстырды.
Оқыту аясында Ақылды қалалар тұжырымдамалары, қала құрылысы проблемалары, ақылды қалаларды дамыту стратегиялары, еуропалық және азиялық ақылды қалалардың озық тәжірибелері және т.б. қарастырылатын болады. Осы семинар барысында қатысушылар ақылды қалалардың қазіргі заманғы проблемаларын жан-жақты түсінуді және оларды шешу тәсілдерін дамыту мүмкіндігін алады, Қазақстанда смарт сити жобаларын сәтті енгізу үшін қажетті құралдар және техникаларымен танысады және өздері тұратын қала үшін смарт сити жоспарының алғашқы нұсқасын дайындайды.
Семинарға Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері қатысуда.
Семинар аяқталған соң тыңдаушыларға сертификаттар табасталады.