Академияның ұйымдастыруымен екі мың жылдық тарихы бар Тараз қаласында «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат: дамудың жаңа кезеңінің міндеттері» тақырыбындағы республикалық семинар-тренинг өз жұмысын бастады.
Еліміздің әр өңірінен келген ішкі саясат, дін істері, жастар саясаты мәселелері, құқық қорғау органдары сынды мемлекеттік органдарда еңбек ететін мемлекеттік қызметшілер, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылықтарының меңгерушілері мен мамандары Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы бойынша оларға нақты бағыт-бағдар беретін «Рухани жаңғыру парадигмалары», «Идеологиялық ықпалдыңзаманауи әдістері», «Қазақстан Республикасындағы этноконфессионалды жағдай», «Қоғамдық сананы трансформациялаудоминантасы», «Мемлекеттік қызметшілерді жаңғыртудағы рухани-психологиялық технологиялар», «Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асырудағы Қоғамдық келісім кеңестері қызметінің жаңаша қағидаттары» тақырыптарында өтетін дәрістер мен тренингтерге қатысады.
Семинар барысында «Қоғамдық сананы жаңғырту және Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау мәнмәтініндегі дәуір мен тұлға» тақырыбында шығармашылық зертхана жұмысы жүргізіледі. Көне Тараздың рухани киелі жерлерімен танысу мақсатында көшпелі сабақ өтеді.
Аталған республикалық семинар-тренинг 15 қыркүйекке дейін жалғасын табады.