Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілер жобаларды басқару бойынша дағдылар мен құзыреттіліктерін дамытып жатыр

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жобаларды басқаруға қатыстырылған мемлекеттік қызметшілеріне арналған «Жобаларды басқару» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары басталды.

Семинардың мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің жобалық менеджмент саласындағы практикалық дағдылары мен құзыреттіліктерін дамыту.

Семинар бағдарламасы жобалармен тікелей жұмыс жасайтын басшылар және бастаушы мамандар үшін арнайы әзірленген.

Оқыту аясында жобалық тәсілдің мемлекеттік қызметте қолданылуының теоретикалық және практикалық аспектілері, жобаларды басқару үрдістерінің құрылымы мен құрамы, сонымен қатар үрдістердің топтары, білім салалары, жалпы әдістемесі қарастырылатын болады.

Қатысушылар семинар қорытындысы бойынша жобаларды басқарудың тиімді заманауи тәсілдері және әдістемесі, қағидаттары туралы кешенді түсініктерін қалыптастырады және жүйелейді, жобаларды басқарудың негізгі құралдары мен моделін меңгереді, шектеулі ресурстар жағдайында жобаларды басқару дағдыларын қалыптастырады деп күтілуде.

Сарапшы ретінде тыңдаушылар алдында э.ғ.д., Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Басқару институтының профессоры, бизнес-тренер, PRINCE2® foundation, IPMALevelC, РМР® жобаларын басқару бойынша сертификатталған кеңесші Жанболат Казиевич Даухарин сөз сөйлейді

Аталған семинар ағымдағы жылдың 18-29 қыркүйегі аралығында өтеді.


Your browser does not support SVGs