2017 жылғы 5–9 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Жобалық менеджмент негізінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру» тақырыбында мемлекеттік қызметшілерге арналған бес күндік тренинг өтеді.
Тренинг Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында баяндалған «Рухани жаңғыру» патриоттық бағдарламасын іске асыруға қатыстырылған мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Мемлекеттік ұйымдар, орталық және жергілікті атқарушы органдардың 150 қызметкері жобаларды әзірлеу бойынша бір команда ретінде жұмыс істейтін болады.
Тренингке Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторлары, облыстар әкімдерінің орынбасарлары, вице-министрлер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысады.
Жобаларды әзірлеу барысындағы сарапшылар кіші бағдарламалардың жетекшілері болады: Білім және ғылыми министрі Е.К. Сағадиев, Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы, Ақпарат және коммуникациялар министрі Д.А. Абаев, Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Б. Ермекбаев.
Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары О.С. Оразалин, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ф.Н. Жақыпова, мемлекеттік инспектор, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару кеңсесінің басшы А.Қ. Евниев алғы сөз сөйлейді.
Тренинг жабылуында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың негізіне айналатын, жобалар мен бағдарламаларды қорғау жоспарлануда.
Тренингтің бірегейлігі оқыту барысында қатысушылардың нақты қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бағытталған жобаларды әзірлеуі болып табылады.
Тренинг нәтижесі жобалық менеджменттің заманауи құралдарын пайдалана отырып, мемлекеттік басқарудың әртүрлі деңгейлерінде мемлекеттік қызметшілерді жобалық кеңселер жұмысына тарту болмақ. Жобалық кеңселерді енгізу Қазақстанда іске асырылатын, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттырады.
Тренингті халықаралық стандарттар бойынша сертификатталған, Академияның оқытушылары жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ҚР мемлекеттік басқару жүйесінде жобалық менеджментті енгізудің маңызды драйвері және мемлекеттік қызмет саласындағы зияткерлік платформа болып табылады.