2017 жылдың 10–12 шілдесі аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға және бағалау процессіне қатысатын мемлекеттік қызметшілер үшін «Мемлекеттік бағдарламалар: бағалау құралдары» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтуде.
Cеминардың ең басты мақсаты мемлекеттік бағдарламаларды талдау мен оған бағалау жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту болып табылады.
Семинар барысында мемлекеттік бағдарламаларды бағалау жүйесі бойынша практикалық аспектілер қарастырылатын болады.
Семинар қатысушылары мемлекеттік бағдарламаларды қазіргі заманғы талдау мен бағалау әдістері бойынша негізгі ережелерімен, қағидаттарымен және критерийлерімен танысатын болады, сондай-ақ жүйелі талдау мен бағалау дағдыларын жақсартатын болады.
Тыңдаушылар алдында «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Реттеушілік ортаны талдау орталығының директоры Хамбар Бақытгүл сөз сөйлейді.
Семинар қорытындысы бойынша тындаушыларға сертификаттар табысталады.