Жаңалықтар

Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институты қақтығыс динамикасы бойынша халықаралық семинарда презентация жасады

Дипломатия институтының оқытушысы, доктор Елена Жирухина Оксфорд университеті Нуфилд колледжінің, «Өзгермелі сипаттағы соғыс» бағдарламасының қолдауы бойынша Оксфорд университеті Халықаралық зерттеулер орталығы және Сэнт Эндрюс университеті Терроризм және саяси озбырлықты зерделеу бойынша орталығының ұйымдастыруымен өткен қақтығыс динамикасы бойынша халықаралық семинар жұмысына қатысты. Семинар қару(сыз) қақтығыстар мен озбырлықсыз қарсыласу және наразылық қызметтен бастап азаматтық соғысқа дейінгі озық зерттеулерге арналды. Семинар жобаларды таныстыруға, олардың бастапқы кезеңіне және тәжірибелі әріптестердің пікірлерін алуға бығытталды.

Доктор Жирухина Ресейдегі терроризмге қарсы ісқимыл практикасы бойынша докторлық диссертация жобасының бір даму бағыты «Мемлекет шабуыл қаупінде: Солтүстік Кавказдағы заңсыз қарулы топтың тактикалары» жобасының алғашқы нұсқасына презентация жасады.


Your browser does not support SVGs