2021 жылдың 16 ақпанында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Е.Қ. Әбіл және бірінші вице-ректор Е.Ш..Дүсіповтың Шығыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапарларының аясында Академияның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының ұжымымен кездесу өтті.
Кездесу барысында «Мықты филиалдар – мықты Академия» стратегиялық бастамасы аясында дамудың маңызды бағыттары бойынша бірқатар мәселелер талқыланды, ШҚО бойынша филиал директоры Сергей Ковалев филиалда жүргізіліп жатқан жұмыстар, мемлекеттік қызметшілердің оқу сапасына қанағаттану деңгейі, филиалдың даму жоспары мен өсу нүктелері туралы баяндады.
Баяндамада «Оқытудың нәтижелілігі – құзыреттілік тәсіл» жобасын іске асыруға баса назар аударылды, жобаның басты идеясы оқу үрдісінде мемлекеттік қызметшілердің құзыреттіліктерін дамыту ғана емес, сонымен қатар олардың кәсіби қызметінде мониторингіден кейінгі сүйемелдеу болып табылады.
МҚІА Департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Нұрлан Еркебаев «Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Департаментімен тығыз өзара әрекеттесу және ынтымақтастық – филиал дамуындағы маңызды мақсаттардың бірі» – деп атап өтті және екіжақты тиімді қарым-қатынастарды дамытудың негізгі жолдары мен оның әлеуеті туралы баяндады.
Филиал қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, даму перспективалары, жаңа жобалар, оқу үрдісіне тиімді технологияларды енгізу, оқу үрдісін цифрлық кеңістікке интеграциялау туралы пікірлерімен бөлісті.
Сондай-ақ, өзінің жұмыс сапары барысында Академия ректоры Ерлан Әбіл С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректорымен кездесті. Кездесуде ЖОО-ның қызметіне 37001 – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджментінің жүйесі» сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын енгізу және Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметшілерін үздіксіз даярлау мен білім беру саласында өзара әрекеттесу, дарындарды қолдау туралы меморандум жасасу мүмкіндіктері талқыланды.
Сонымен бірге, 17 ақпанда Академия ректоры Ерлан Әбілдің қайта даярлау курсының әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған тыңдаушыларымен кездесуі өтті, онда аймақта жобалық менеджментті дамыту және мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру перспективалары талқыланды.
Ашық диалог алаңы форматындағы кездесуде мемлекеттік құрылымға жобалық басқаруды енгізу бойынша өзекті мәселелер қозғалды, Академия ректоры Ерлан Әбіл биліктің жоғары лектерінде жобалық менеджментті енгізу тұжырымдамасы (НҚА әзірлеу және бекіту), Академияның келесі міндеттерді орындаудағы рөлі туралы баяндады:
– жобаларды басқару саласында академиялық және кәсіби білім қалыптастыру;
– жобаларды басқару әдіснамасын және құралдарын игеру бойынша барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілерді даярлау және оқыту үрдісін қарқынды жүргізу;
– жобаларды басқару саласында мамандар мен ұйымдарды сертификаттау тетігін құру.
Жобалық менеджментпен танысу мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, тұрғындардың өмір сапасын арттыру, Қазақстанның экономикасы мен бәсекеге қабілеттілігін дамыту құралы ретінде жобалық басқарудың тиімділігі мен нәтижелілігін түсінуге алып келеді.
Жаттықтырушы-модераторлар жобалық менеджментті енгізу үрдісі көп жағдайда бірінші басшылардың мүдделеріне, сананы өзгерту қажеттілігіне, қызмет нәтижелілігіне байланысты екендігін атап өтті. Нақтырақ айтқанда, оқытудың негізгі міндеті жобаны басқару туралы жалпылама түсінік қалыптастыру ғана емес, сондай-ақ орныққан бюрократиялық ойлау жүйесін жобалық ойлау жүйесімен алмастыру болып табылады.
Кездесу соңында тыңдаушылар жобалық менеджерлерге қажетті құзіреттіліктерден бастап, тәуекелдерді ескере келе, нақты нәтижелерге жету алгоритміне дейін жобалық менеджментке оқытудағы өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.