Жаңалықтар

Мемлекеттік басқару Академиясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Көшербаев Қырымбек Елеуұлының қонақ дәрісі өтті

Мемлекеттік басқару Академиясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Көшербаев Қырымбек Елеуұлының қонақ дәрісі өтті

2020 жылдың 26 қарашасында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Көшербаев Қырымбек Елеуұлының қонақ дәрісі өтті.

«Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуы» тақырыбында өткен қонақ дәрісіне ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова, Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл, Академияның оқытушы-профессорлық құрамы мен қызметкерлері, магистранттары мен докторанттары қатысты.

Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің ұйымдастыруымен өткен онлайн кездесуде Қырымбек Көшербаев мемлекеттік басқарудағы қазіргі дағдарыс жағдайындағы өзгерістер мен жаңалықтарға шолу жасап, мемлекеттік қызмет жолындағы тәжірибесімен бөлісті.

Дәріс барысын рухани жаңғыруды ұлттық жаңғыруға ұластыру, қазақ тілінің реформасы, Ұлы Абай аңсаған қоғам орнату тақырыптарына арнаған мемлекет хатшысы келесідей тақырыптарға ерекше назар аударды:

-масылдық проблемасы;

-жаһандық дағдарыстың қиындықтары «Great lockdown»;

-жаңа форматтағы тиімді экономика;

-мемлекеттік қызметкердің ел алдындағы абыройы.

Рухани сипатта әрі өзекті тақырыптарға негізделіп өткен онлайн дәрісте келген қонаққа Академия магистранттары мен докторанттары сан түрлі сауалдар жолдап, белсенділік танытты. Кездесу соңында ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев дәріс қатысушыларына алғыс білдіріп, жылы лебізімен іс-шараны түйіндеді.


Your browser does not support SVGs