Жаңалықтар

Мемлекеттік басқару Академиясының магистранттары АҚШ-тың Сиракуз университеті Максвелл мектебінің дипломдарын алды

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің магистранттары АҚШ-тың атақты Сиракуз университеті Максвелл мектебінің дипломдарын алды!

– Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Елбасының жолдауын орындау шеңберінде жаңа форматтағы мемлекеттік қызметшілерді дайындауға күш салып келеді. Осы бағытта қазір әлемде мемлекеттік менеджемент және мемлекеттік басқару саласында алдыңғы орынды иеленетін Сиракуз университетімен ынтымақтастық орнатылған. Бізге тыңдаушыларымыздың әлемдік тәжірибені үйренгені маңызды, – деп атап өтті «Хабар24» телеарнасына берген сұхбатында Мемлекеттік саясат ұлттық мектебінің директоры Бауыржан Боқаев.

Академия мен Сиракуз университеті Максвелл мектебінің стратегиялық әріптестігі шеңберінде екі дипломдық білім беру бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарламаның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке құзыреттерін дамыту, оларға әлемнің үздік мектептерінде білім және магистр дәрежесін алу мүмкіндігін беру. Сонымен бірге, мұндай бағдарламаларды іске асыру бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуді, қазақстандық Мемлекеттік басқару академиясында оқыту қағидаттары мен стандарттарының әріптес-университеттермен мойындалуын тұспалдайды.

Екі дипломдық білім беру бағдарламасына орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Сиракуз университетінің дипломдарына Қазақстанның әр өңірінде жұмыс істейтін Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің магистранттары ие болды.

Самат Зияшев Қарағанды облысы Теміртау қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы болып қызмет етеді. Ал Әсел Биназарова Ұлттық экономика министрлігінің басқарма басшысы, Арнұр Сартов Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігі аппаратының басшысы жұмыс істейді.

Олардың барлығы Сиракуз университетінде бірегей академиялық мобильділік пен екі дипломдық білім беру бағдарламасы бойынша білім алды.

Академия магистранттары  «Хабар24» телеарнасына берген сұхбаттарында өз пікірлерімен бөлісті:

Арнур Сартов, магистрант:

– Біз осы жерде мемлекеттік реттеу мәселесіне қатысты үдерістер мен сұрақтарға жаһандық тұрғыдан қарауға мүмкіндік алдық. Human resource management (персоналды басқару) сынды пәнді мемлекеттік басқару, көшбасшылық қасиеттерді дамыту бағыты бойынша меңгердік.

Әсел Бирназарова, магистрант:

 – Алған білім біз үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашады, себебі біз жаһандық тұрғыдан ойлауға үйреніп, халықаралық тәжірибені зерделедік. Біз еліміздің экономикасының дамуы мен гүлденуіне зор үлес қосып, мемлекетіміздің, сондай-ақ Академияның артқан үміттерін ақтайтынымызға сенімдімін. 

Сиракуз университеті Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен әріптестікті стратегиялық деп санайды. Максвелл мектебі Кәсіби даму департаментінің директоры Стивен Лакс қазақстандық мемлекеттік қызметшілермен тәжірибе алмасудың маңыздылығына тоқталып, оқу орынына Академияның ең үздік тыңдаушылары таңдап алынғанын жеткізді.

Максвелл мектебі Кәсіби даму департаментінің директоры Стивен Лакс «Хабар24» телеарнасына берген сұхбатында былай деді:

– Біз қазақстандық студенттерді қабылдауға әрқашанда дайынбыз. Халықаралық ынтымақтастық бойынша тәжірибеміз мол. Академияның тыңдаушылары алған білімдерін Қазақстанның мемлекеттік басқару, бюджетті әзірлеу, саяси сараптама және көшбасшылық саласында кеңінен қолданады деп сенеміз.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Тұңғыш Президент Елбасының жалпыұлттық жолдауындағы жоғары білікті мемлекеттік қызметшілерді дайындау туралы бөлігін жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Қазақстанның Батыс елдерінің білім орталықтарымен осы бағыттағы ынтымақтастығы арта түспек.

 «Хабар24» агенттігіне сілтеме жасай отырып, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Баспасөз қызметі

 

 

 

 


Your browser does not support SVGs