Жаңалықтар

Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласындағы ғылыми зерттеулер

Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласындағы ғылыми зерттеулер

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді аяқтады.

Зерттеулер мемлекеттік басқару ғылыми мектебін қолдау бойынша Астана мемлекеттік қызмет хабы жобасының шеңберінде 2020 жылғы 20 тамыз бен 30 қараша аралығында жүргізілді.

Техникалық тапсырма аясында келесідей өзекті тақырыптарға 6 тапсырма орындалды:

1.​«Пандемия жағдайындағы мемлекеттік басқару»

2.​«Мемлекеттік органдардың менеджментін жетілдіру»

3.​«Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесін жетілдіру»

4.​«Мүдделер қақтығысын болдырмау бойынша жүйелі шаралар әзірлеу»

5.​«Мемлекеттік органдардың дағдарыс пен реформалар жағдайындағы қарым-қатынас стратегиясы»

6.​«Жеке, квазимемлекеттік және мемлекеттік секторлардың қазақстандық ұйымдарындағы қазіргі заманғы HR рөлі мен мәртебесін зерделеу»

Зерттеу жұмысына Академияның және оның өңірлік филиалдарының профессорлық-оқытушылық құрамы мен ғылыми қызметкерлері ішінен 45 орындаушы тартылды. Сондай-ақ, халықаралық тәжірибені сараптау үшін ЕҚДБ мен ЭЫДҰ-ның шетелдік сарапшылары қатыстырылды.

Қазіргі карантиндік жағдайларға қарамастан, жобалық топтар әр зерттеу тақырыбы аясында қойылған міндеттерді сәтті орындап шықты.

Зерттеу мақсатында онлайн сауалнама жүргізу әдістері, терең және сараптамалық сұхбат, кабинеттік зерттеулер, ұйымдастырушылық-функционалдық талдау, мемлекеттік органдардың, азаматтық сектор мен бизнестің қатысуымен фокус-топтар қолданылды.

Зерттеу міндеттерін орындау барысында мемлекеттік аппаратты одан әрі кәсібилендіруге бағытталған тиісті ұсынымдар, әдістемелер мен ұсыныстар әзірленді. Зерттеу нәтижелерімен Тапсырыс берушінің сайтында (https://www.astanacivilservicehub.org/research2020?page=1#content-start) толығырақ танысуға болады.

Зерттеу жобасын іске асыру қорытындылары және алынған тәжірибе бойынша жобалау топтары бағалау және стратегиялық жоспарлау, басқару деңгейлері мен ақпараттық ағындарды стратификациялау әдістемесі, цифрлық мәдениет және HR-процестерді жетілдіру сияқты бағыттар бойынша зерттеулер жүргізуді жалғастыруға қызығушылық танытты.


Your browser does not support SVGs