Жаңалықтар

«Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджмент»

Мемлекеттік басқару Академиясындағы жобалық менеджментті дамыту орталығы 80 жуық тыңдаушылардың қатысуымен ZOOM онлайн алаңында Қырғызстандағы Ханнс Зейдель қорының стипендиаттары үшін «Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджмент» тақырыбында бірқатар вебинарлар өткізді. Бұл вебинарды сертификатталған жобалау менеджері, э. ғ. к., профессор Есенгельдина Анар Сатыбалдинқызы жүргізді.

Вебинар қатысушылары үшін жобалық менеджмент курсы ұсынылды:

  • Жобалық менеджменттің стандарттары мен әдістері;
  • Жобаларды «портфельдік» басқарудағы сандық технологияны пайдалану;
  • Қазақстан Республикасындағы орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарға жобалық менеджментті енгізу.

Вебинар аяқталғаннан кейін, стипендиаттар мемлекеттік басқару жүйесіне жобалық менеджментті енгізу бойынша өздерінің барлық сұрақтарына жауап алды.

Айта кету керек, екі жақ тарап 2009 жылдан бастап ынтымақтастық байланыста қызмет етіп келеді. Ханнс Зейдель қорымен жүргізіліп келе жатқан байланыстың арқасында 122 Мемлекеттік қызметші ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының магистр дәрежесін алды. Келісімге сәйкес, екі тарап екіжақты әріптестікті табысты түрде іске асыруға өз үлестерін қосып келеді.

Академия мемлекеттік басқару саласындағы озық білім беру бағдарламасына арналған платформа ретінде қызмет етуде, ал, оны іске асыру Қазақстан мен көршілес елдер үшін өте өзекті екендігін баса айту қажет.


Your browser does not support SVGs