Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қызметкерлерінің, Академия қызметкерлері, магистранттары, докторанттарының, Жас мемлекеттік қызметкерлерге арналған үйі, және Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы қызметкерлерінің қатысуымен спартакиада өтті.
«Жас мемлекеттік қызметкерлерге арналған үйінің» алдындағы спорт алаңында ұйымдастырылған спорттық шараға 100-ге жуық қызметкер қатысты. Спартакиада мини-футбол, волейбол, арқан тарту (ерлер, әйелдер), турникке тартылу, қол күресі (ерлер, әйелдер), гир көтеру 24 кг, стол теннисі (ерлер, әйелдер) спорт түрлері бойынша өткізілді. Жеңімпаздар тізімі:
Мини-футболдан: І орын – Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қызметкерлерінің командасы; ІІ орын – Басқару институты MРP-21-1 тобының командасы; ІІІ орын – Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы қызметкерлерінің командасы.
Волейболдан: І орын – Басқару институтының «Eagles» құрама командасы, ІІ орын – Басқару институтының «Бірлік» командасы, ІІІ орын – Мемлекеттік басқару академиясы және Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қызметкерлерінің командалары.
Арқан тартудан: І орын – Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы командасы, ІІ орын – Жас мемлекеттік қызметкерлерге арналған үйі қызметкерлерінің командасы, ІІІ орын – Басқару институты MРP-21-1 тобының командасы.
Турникке тартылудан: І орын – Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығының қызметкері Қалиақасов Ақжол; IІ орын – Басқару институтының магистранты Қосжанов Серік; IІ орын – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкері Абильдин Мадияр; ІII орын – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкерлері Хасен Жандос, және Бахиткериев Дархан.
Ерлер арасында қол күресінен: І орын – Дипломатия институтының магистранты Сиражет Мешит; ІI орын – Басқару институтының магистранты Кембаев Арман; ІII орын – Мемлекеттік басқару академиясының қызметкері Жанпеисов Думан.
Қыздар арасында қол күресінен: І орын – Басқару институтының магистранты Қаппар Әсем, ІІ орын – Мемлекеттік басқару академиясының қызметкері Ауданбай Гүлжан; ІII орын – Басқару институтының магистранты Күздеубай Бибігүл.
Ерлер арасында үстел теннисінен: І орын – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкері Пірметов Мақсұтбек; ІІ орын – Басқару институтының магистранты Қыдырбеков Рүстем; ІІІ орын – Басқару институтының магистранты Үмбеталиев Абылайхан.
Қыздар арасында үстел теннисінен: І орын – Басқару институтының магистранты Қаппар Әсем; ІІ орын – Мемлекеттік басқару академиясының қызметкері Набатова Айдана; ІІІ орын – Басқару институтының магистранты Күздеубай Бибігүл.
24 килограммдық гир көтеруден: І орын – Басқару институтының магистранты Сапаров Серік; ІІ орын – Дипломатия институтының магистранты Ахмедов Ержан; ІІІ орын – Басқару институтының докторанты Мусин Бейімбет.
«Үздік ойыншы» атанғандар: Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкері Хасен Жандос және Басқару институтының магистранты «Eagles» командасының ойыншысы Қыдырбеков Рүстем.