Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл баспасөз мәслихатында хабарлады.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 15-бабы 5-тармағына сәйкес, Академияда мемлекеттік тапсырыс бойынша B+ (GPA 3,33) мәнінен төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдар оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде жергілікті атқарушы органдарда, мәслихаттар аппараттарында, ревизиялық комиссияларда, орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде (астана мен оның аудандарындағы жергілікті атқарушы органдардан, мәслихат аппаратынан, ревизиялық комиссиялардан, орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінен басқа) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен және оның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша конкурс өткізілместен орналаса алады», – деп түсіндірді ол.
Сондай-ақ «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабы 2-тармағына сәйкес, жоғары оқу орындарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бұрын білім алған мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша Академияға магистратураға немесе докторантураға қайта оқуға түсе алады.