Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау – қосымша кәсіби білім алуға арналған оқу курстары.
Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 125 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметшіні қайта даярлауға жіберу туралы шешімді оқуға жіберілетін мемлекеттік қызметші бағынатын мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы қабылдайды
Тыңдаушылар топтарын жасақтау сауалнама-өтінім негізінде жүргізіледі.
Сауалнама-өтінім «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Е-қызмет« ЫАЖ) арқылы қабылданады. Егер мемлекеттік орган «Е-қызмет» ЫАЖ-не қосылмаған немесе «Е-қызмет» ЫАЖ жұмысында қиындықтар туындаған жағдайда, сауалнаманың сканерленген нұсқасы электрондық пошта арқылы жіберіледі.
Бюджеттік негізде мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарына өтінімдерді қабылдау бекітілген бөлу кестесіне сәйкес жүргізіледі.
Шарттық негізде өтетін қайта даярлау курстарына өтінімдерді қабылдау мемлекеттік органның сұранысына және жасалған шартқа байланысты жүргізіледі. Мемлекеттік қызметшілерді оқытуға шарт мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жасалады.
Оқуға өтінімдерді қабылдау басталады: курс басталғанға дейін 30 күн бұрын.
Оқуға өтінімдерді қабылдаудың аяқталуы: курс басталғанға дейін 5 күн бұрын немесе топ толық жасақталғанда (оқу жоспарына сәйкес).