Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына Құзыреттер мәселелері жөніндегі комитеттің мүшесі Ся Минлинь мырза бастаған Шанхай қалалық партия комитетінің ұйымдастыру департаментінің делегациясы (ҚХР) келіп кетті. Аталмыш сапар қытайлық тараптың бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Шанхай қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен ұйымдастырылды.
Сапардың мақсаты Қазақстанның Үкіметімен ынтымақтастықты нығайту және мемлекеттік қызметшілерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелерінде тәжірибемен алмасу болды.
Алғысөзбен Академияның вице-ректоры Айгүл Көшербаева сөз сөйледі. Қонақтарға мемлекеттік қызметшілерді магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқыту туралы ақпарат беріліп, Академияның Орталықтары мен Институттарының қызметі таныстырылды.
Қытайлық тарап мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру мен іске асыру мәселесіне, тәжірибеге бағдарланған оқыту әдістемесі мен технологиясына ерекше қызығушылық танытты.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметі, мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет жүйесіндегі ағымдық реформалар туралы Мемлекеттік қызмет департаменті директорының орынбасары Жандос Хасен айтып өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара негізде профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен тренингтер өткізу тұрғысында екіжақты ынтымақтастықты дамытуға дайындықтарын білдірді.
Шанхай қалалық партиялық комитетінің ұйымдастыру департаменті жұмысты ұйымдастыруға, кадрларды және қаланың талантты әлеуетін ілгерілетуді үйлестіру мен басқаруға жауапты атқарымдық бөлім болып табылады. Сондай-ақ Департаменттің атқарымдарына кадрларды оқу-тәрбиелік даярлау жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу, барлық деңгейлі және барлық санаттағы кадрлардың құзыреттілігін дайындау кіреді.
МЕМЛЕКЕТТІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
