Наурыз мейрамы қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Академияның қызметкерлері, тыңдаушылар мен оқытушыларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Егер Наурызды жақсы қарсы алса, онда бүкіл жыл бақытты әрі табысты болады деп есептелінеді. Сондықтан болар, Наурыздың әрбір күнінен арналған дәстүрлер де көп.
Бүгін де Наурыз – татулық пен бірлікке, достық пен тыныштыққа шақыратын мереке, ал алтыбақан, халықтық сауық-сайрандар, күрес, айтыстар – қазақ дәстүрлері Қазақстанның қалалары мен ауылдарында халықтық спорттық, ойын-сауық іс-шараларына, концерттер мен театрландырылған көріністерге, жәрмеңкелерге айналып, шығармашылық тұрғыда дамуда. Академияда мерекелік іс-шаралар дәл осындай мазмұнды, жарқын болды және ауқымды сипатты иеленді.
Галереяда қайырымдылық жәрмеңкесі мен Алтыбақан орналастырылды. Ал басты залда әдемі жабдықтарымен киіз үй орнатылып, оның ортасына Наурыздың басты белгісі, молшылық пен қонақжайлық символы – Тайқазан қойылды, оған ертеде бүкіл ауыл үшін ас-шай әзірленетін. Халық дәстүрі бойынша мерекелік асты бүкіл ауыл бірігіп, асарлатып жасайды: біреу соғым алып келеді, біреуі қазанға тары, бірі күріш тастайды, енді бірі сұйық маймен дәмін келтіреді. Бұл мейрамның басты асы – Наурыз көже, бірлік символы. Бұдан басқа, шелпек, бауырсақ, құрт, жент пен басқа да ұлттық тағамдар дастарқанға қойылады.
Бұл дәстүрлерді біз де ұстандық. Дөңгелек залдың холында көпшілікке арналған дәстүрлі тағамдармен мерекелік дастарқан жайылды.
Академия мен Агенттік қызметкерлері дайындаған концерт пен театрландырылған көрініс бұл күннің басты іс-шарасы болды. Шығармашылық нөмірлерде адалдық пен әділдік, мейірім мен көмек, меценаттық, ұлттық бірегейлік, ұзақ өмір сүру, табиғатқа қамқорлықпен қарау және де басқа да көптеген тақырыптар көрініс тапты.
Кішіпейілдік пен қонақжайлылық ұлтқа тән қасиет, ал Наурызда адамдар бір-бірімен және айналадағы адамдармен жылы жүзбен амандасып, алғыстарын айтады. Мейрамға қатысу үшін көп балалы отбасылар шақырылды.
Біз баршаңызды келе жатқан мерекемен құттықтай отырып, тыныштық пен бірлік, әрбір үйге аман-саулық және өсіп-өркендеу тілейміз!