Жаңалықтар

Өңірдің дамуы және болашағы

Академия магистранттары мен докторанттары Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің профессоры Бердібек Сапарбаевпен кездесті.

«Сонау 2018 жылдың сәуір айында «Jas Qazaq» ақпараттық агенттігінің беттерінде менің «демалысқа шыққанда жастарға сабақ берсем деймін» деген ойым жарық көрген еді. Сол ойымды 53 жылдық жұмыс өтілімді аяқтаған соң Мемлекет басшысы жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының білім алушыларына арналған дәрістерімнің аясында жүзеге асыру туралы шешім қабылдадым. Соның аясында аптасына бірнеше рет жас та болса, жақсы жетістіктерге жеткен дәріс алушы мемлекеттік қызметшілермен кездесіп, маңызды бағыттарды талқылаймыз, ең бастысы, бар жинаған тәжірибеммен бөлісіп жүрмін. Ал жас мамандар менімен әр аймақтағы мемлекеттік органдардағы қызметінің ерекшелігімен туындаған мәселелерімен және кейстерімен бөлісіп келеді», – деді Бердібек Сапарбаев. Шара аясында Бердібек Машбекұлы «Өңірдің дамуы және болашағы» тақырыбында дәріс оқып, мемлекеттік қызметтегі тәжірибесімен бөлісті. «Менің жалпы ұстанымым және бүгінгі кездесудің басты қағидасы – берілген уақытты және мүмкіндікті, соның ішінде Академияның потенциалын толыққанды пайдалану», – деп қорытындылады Бердібек Сапарбаев. Кездесу соңында қатысушылар бір-бірімен пікір алмасып, спикерге сұрақтарын қойды.


Your browser does not support SVGs