Жаңалықтар

ОҚУ КЕЙСТЕРІН ӘЗІРЛЕУ БОЙЫНША КОНКУРС

Ашықтық және кәсібилік қағидаттарына негізделе отырып, Академия оқу кейстерін әзірлеу бойынша конкурс жариялаған болатын.

Конкурстың негізгі мақсаты – Академияның оқу процесінде қолданылатын Қазақстанның нақты немесе шынайы оқиғаларына негізделген бірегей кейстерді әзірлеу. Сонымен қатар, Конкурс Академия оқытушыларының, қызметкерлері мен білім алушыларының ынтасы мен кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған. Мәселен, кейсті әзірлеу барысында қатысушылар аналитикалық және коммуникативтік қабілеттерін, командада жұмыс істеу дағдыларын, көшбасшылық құзыреттерін дамыта алады, сондай-ақ деректерді жинау, өңдеу және талдау бойынша білімдерін жетілдіре алады деп болжанды.

Бұл Конкурс Академияның оқытушыларына, қызметкерлеріне және білім алушыларына мемлекеттік саясат, мемлекеттік басқару, экономика және халықаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелер бойынша оқу процесіне арналған кейстерді әзірлеу арқылы өз білімдерін, кәсіби тәжірибесі мен құзыреттерін көрсетуге мүмкіндік берді.

Осы жұмада үздік аталған қатысушылардың есімдері жарияланды:

Бас жүлдені Ержан Мәкен иеленді

1️ орынды – Рүстем Қыдырбеков пен Мирас Жұмаділов

2 орынды – Ержан Мәкен

3️ орынды – Анар Есполова

4️ орынды – Ержан Жакибеков пен Қанат Тосекбаев

5️ орынды – Айгерім Қалибекова мен Мақпал Смағұлова алды.

Конкурс жеңімпаздарын құттықтаймыз!


Your browser does not support SVGs