Оқиғалар

«Студенттерді әлеуметтендіру» жобасы

Жоба туралы

«Студенттерді әлеуметтендіру» жобасы Академияның25-жылдығы менҚазақстандағы Жастар жылына арналған.

Жобаға қатысу арқылы студенттер өздерінің шығармашылық және зерттеу әлеуетін ашуға, дипломдық жұмыстар мен жобаларға ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік негіз жасауға мүмкіндік алады.

Студенттерге оқудан бос уақытында волонтерлік негізде Академияның іс-шараларына қатысуға, білім мен білік алуға, сонымен бірге келесі орталықтарда зерттеу жұмысының дағдыларын дамыту ұсынылады:

  • Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы;
  • Қолданбалы зерттеулер және халықаралық әріптестік орталығы;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу жөніндегі зерттеу орталалығы.

Біз ұсынамыз:

  • Студенттерді әлеуметтендіру жобасына қатысқандығы туралы сертификат;
  • Жобаға қатысу уақытын таңдай алу мүмкіндігі;
  • Қызықты және өзекті тақырыптық дәрістерге, семинарлар мен зерттеулерге қатысу (Development Day аясында);
  • Талап еткен жұмыс беруші ұйымдар мен гранттық бағдарламаларға қатысу үшін ұсыныс хаттар.

Жоба үміткерлерінің қатысу талаптары:

  • ЖОО-ның студенті болуы тиіс;
  • Мамандығы немесе қызығушылық бағытына сәйкес болуы керек;
  • Кәсіби мамандар тобында жұмыс істеуге дайын болуы шарт.

Дедлайн

2019-2020 оқу жылына тіркеу мерзімі: 2019 жылдың 15 қыркүйекке дейін. Сілтеме бойынша өту (бірінші бетке өту)


Your browser does not support SVGs