Жаңалықтар

ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ӨҢІРЛІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСУ

Академияда Орталық Азияның Өңірлік экологиялық орталығымен меморандумға қол қойылды. Аталған іс-шараға Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Е.П. Кестутис, АҚШ-тың Орталық Азия бойынша Халықаралық даму агенттігі өңірлік директорының орынбасары, USAID Майра Емата-Стокес қатысты. Бұл жоба білім беру институттарымен ынтымақтастықты кеңейтеді және интерактивті симуляция арқылы Нексус тәсілін тренерлерге арналған тренинг форматында зерттеуді ұсынады.

Тренингтің бірінші күні – оқытушыларға, екінші күні – Академияның білім алушыларына арналады, осылайша оқытушылар Нексус симуляциясын білім алушылармен практика жүзінде өз бетінше өткізе алады. Нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында еліміздің су, энергетика ресурстары және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша басқарушылық шешімдер қабылдауға белсенді қатысатын сарапшылар тобы қалыптастырылатын болады.


Your browser does not support SVGs